Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр
    Жаңалықтар

    Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова23.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto.com


    АҚШ-тың Иран мұнайының экспортына қойылған шектеулерді уақытша алып тастау туралы шешімінен кейін мұнай бағасы түсіп жатыр, деп хабарлайды salemnews.kz.

    Бағаның төмендеуіне АҚШ Қаржы министрлігінің Иран мұнайын өндіруге, сатуға және тасымалдауға, сондай-ақ оған қатысты мәмілелерді, соның ішінде сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруі себеп болды. 21 тамызға дейін жарамды лицензия Ираннан АҚШ-қа мұнай жеткізуге және доллармен есеп айырысуға, оның ішінде санкция салынған тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін операцияларға да мүмкіндік береді.

    Мұнай бағасы қандай деңгейде?

    Астана уақыты бойынша сағат 10:13-те Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 3,74 пайызға төмендеп, бір баррелі 77,55 долларды құрады.

    Ал WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 3,89 пайызға арзандап, бір баррелі 73,58 долларға дейін түсті.

    Сарапшылар бұған дейін Иран мұнайына қатысты санкциялардың уақытша алынуы әлемдік нарықтағы мұнай ұсынысын арттыратынын бірнеше рет болжаған болатын. Сонымен қатар Ормуз бұғазының қайта ашылуы да әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне ықпал етеді деп күтілген.

    28 ақпанда басталған әскери қақтығыстардан кейін мұнай бағасы күрт қымбаттаған еді. Ал соғысқа дейін әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы тасымалданған Ормуз бұғазының Тегеран тарапынан жабылуы ауқымды отын дағдарысына әкеліп, әсіресе осы бұғазға тәуелді араб мұнай өндіруші елдерге ауыр соққы болды.

    Previous ArticleҚазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді
    Next Article Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.