Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қымыз құйып өшірген»: Кентау дәмханасындағы жарылыста қаза тапқан жігіттің туыстары әділдік іздейді
    Жаңалықтар

    «Қымыз құйып өшірген»: Кентау дәмханасындағы жарылыста қаза тапқан жігіттің туыстары әділдік іздейді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.01.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот

    Түркістан облысы Кентаудағы жарылыстан көз жұмған 20 жастағы жігіттің жақындары әділеттілік іздеп, іске жауаптыларды жазаға тартуды талап етеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Информбюро жаңалықтар қызметінің мәліметінше, жігіттің туыстары газ баллоны жарылған дәмханада қарапайым өрт сөндіретін құрылғылар болмағанын айтады.

    Тұрғындар амалдың жоқтығынан қызыл жалынды қымызбен өшіруге тырысыпты. Денесінің тоқсан пайызын күйік шалған Бақдәулет Мұса жансақтау бөлімінде жан тапсырған еді. Өкініштісі сол, марқұм оқиға орнында ажал құшқан Дана Сағынғалиқызымен көктемде үйленуді жоспарлаған екен. Ол дәмханаға бір ай бұрын аспаз болып кірген. 20 жастағы жігіт пен Дана екеуі бір жерде жұмыс істеген. Дәмханада газ баллон жарылып, 18 жастағы қыз оқиға орнында тіл тартпай кетсе, араға 8 күн салып Бақдәулет Мұса да ауруханада көз жұмды.  

    «Жаңағы кафенің ешқандай техникалық қауіпсіздік жоқ, біріншіден. Екіншіден, адам өртеніп жатыр қарапайым өрт сөндіргіштері жоқ. Ол баланың үстіне қымыз құйып өшірген жанып жатқан кезде. Құм да, күрек те, шелек те жоқ. Вообще ештеңе жоқ. Сонда бұлар органдар қайда қарап отыр? Әшейінде кафенің бәрін жауып тастайтын. Неге екіге дейін жұмыс істеді бұлар? Может бәрі бір-бірімен сыбайлас шығар?», – дейді марқұмның ағасы.

    Жарылыс Кентау
    Previous ArticleПавлодар облысында қайғылы жағдай болды
    Next Article 2026 жылы қазақстандықтар қай күндері демалатыны белгілі болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.