Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық оқушылар АҚШ-тың байқауында жеңімпаз атанды
    Жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар АҚШ-тың байқауында жеңімпаз атанды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.04.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Маңғыстау облысы ҚКО

    Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Мерей Нұрғазы мен Зуриад Батырбектің  «Nomad VISIT» жобасы және 11-сынып оқушылары Аружан Қазыева, Асия Ғұмарқызы, Айару Ағайдардың «MediFLY» жобасы АҚШ-тың  «Ciena Solutions Challenge» байқауында 750$ көлемінде қаржылай қолдау алды, деп хабарлайды salemnews.kz.

    «Ciena Solutions Challenge» — 2021 жылы Ciena және Digital Promise ұйымдарының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан байқау. Осы күнге дейін 103 елден 1200-ге жуық педагог пен оқушылар нақты проблемаларды анықтау және шешу жолдарын ұсынып келеді. Басты талап – өзекті проблемаларға БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына сай шешімдер ұсыну. Биылғы сайысқа әлемнің 23 елінен 62 команда қатысқан.

    • Біздің оқушыларымыз идеяларының жәй ғана жоба  емес, шынайы қолданысқа енгізілгенін қалайды. Сол үшін зияткерлер түрлі байқауларға қатысып, қаржылық қолдау іздейді. Осы сайысқа ақпан айында оқушыларымыз онлайн қатысып, өтінім жіберген еді, — дейді Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі, «MediFLY» жобасының жетекшісі Ислам Жомартұлы.

    «Nomad VISIT» жобасы – туристерге сұраныстары бойынша қажетті ақпаратты тауып беруге арналған қосымша. Әзірге қосымшада тек Қазақстан туралы мәліметтер жинақталған. Жоба үш тілде жұмыс істейді.

    «MediFLY» жобасы – жасанды интеллект көмегімен квадрокоптер арқылы медициналық көмек көрсетуге арналған. Жоба жедел жәрдем көрсету қызметіндегі III және IV категориялық қоңырауларға ақпараттық тұрғыда көмек көрсетеді.

    • Біз жобамызды әрі қарай дамытып, қажетті жабдықтарға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жобамыздың қаржылық моделін дұрыс шығару үшін бізге сарапшының көмегі керек, — дейді«MediFLY» жобасының мүшесі Аружан Қазыева.
    Previous ArticleПавлодар облысындағы зауытта жұмысшы қаза тапты
    Next Article Алматыда қыз бала мектепке балта ұстап келген
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.