Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жасанды интеллект қолданушыларының назарына: Жаңа заң күшіне енді
    Жаңалықтар

    Жасанды интеллект қолданушыларының назарына: Жаңа заң күшіне енді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова19.01.202613 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto

    Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қабылданған заң елде жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық негізін қалыптастырып, саладағы мемлекеттік саясаттың басты қағидаты — адам, оның құқықтары, бостандықтары мен әл-ауқатының басымдығы туралы ережелерді бекітеді. Адам, оның өмірі мен ерік-жігері жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалануда ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады. ЖИ-ді қолдану адамның саналы түрде шешім қабылдау қабілетін шектемеуі тиіс, ал азаматтардың еркіндігі технологияларды қолданудың барлық кезеңінде сақталуы қажет.

    Заң жасанды интеллектіні пайдалануды, атап айтсақ әділдік пен теңдік, алгоритм ашықтығы мен түсініктілігі, жауапкершілік пен бақылауда болуы, деректер мен құпиялықты қорғау, сондай-ақ ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы ережелерді айқындайды. Пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктері, сипаттамалары мен шектеулері туралы толық ақпарат ұсынылуы шарт.

    Азаматтар автоматтандырылған деректерді өңдеудің қолданылуы, оның салдары, мұндай өңдеуге қарсылық білдіру мүмкіндігі, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы хабардар болуға құқылы.

    Құжат жасанды интеллект жүйелерінің иелері мен пайдаланушылары арасындағы жауапкершілікті нақтылайды. ЖИ жүйелерінің өмірлік циклінің барлық қатысушылары олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етуге, тәуекелдерді басқаруға және жүйелер жұмысының нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік алуға міндетті.

    Жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалану қоршаған ортаға теріс әсер етпеуі, сондай-ақ энергия тиімділігі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

    ЖИ жүйелерін пайдалану жеке деректер мен құпия ақпаратты қорғау талаптары сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Заң деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу шараларын, сапалы деректерді пайдалануды, ЖИ жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

    Құжатқа сәйкес, жасанды интеллект жүйелері тәуекел деңгейі бойынша — төмен, орта және жоғары тәуекелді жүйелерге жіктеледі. Маңызды салаларда немесе мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру кезінде қолданылатын жоғары тәуекелді жүйелер ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша мемлекеттік жүйелерге теңестіріледі.

    Енді Қазақстан аумағында: манипулятивті әдістерді қолданатын; адамның жасына, денсаулық жағдайына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты осал тұстарын пайдаланатын; әлеуметтік немесе биометриялық кемсітушілікке жол беретін; адамның эмоциясын оның келісімінсіз анықтайтын; жеке деректер туралы заңнаманы бұзатын; тыйым салынған контент жасайтын немесе тарататын жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынады.

    Заң жасанды интеллектіні пайдаланудың ашықтығына қойылатын талаптарды белгілейді. Пайдаланушылар тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер ЖИ-ді қолдану арқылы жасалғанын білуі шарт. Синтетикалық контент міндетті түрде таңбалануға және пайдаланушылар үшін түсінікті ескертумен белгіленуі тиіс.

    Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалған туындылар адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана «авторлық құқық объектісі» деп танылады. Адамның зияткерлік қызметінің нәтижесі арқылы алынған мәтіндік сұраулар (промпттар) да авторлық құқықпен қорғалады. Автор немесе құқық иесі тыйым салмаған жағдайда ғана ЖИ модельдерін оқыту үшін туындыларды пайдалануға рұқсат етіледі.

    «Жасанды интеллект туралы» заңның күшіне енуі Қазақстанда жауапты, қауіпсіз және адамға бағдарланған жасанды интеллектіні дамытудағы маңызды кезең. Бұл модель инновациялар, азаматтардың құқықтарын қорғау және цифрлық экономиканың орнықты дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

    жасанды интеллект
    Previous ArticleҚырғызстанда өтетін көшпенділер ойыны тізіміне қазақтың көкпары енді
    Next Article Шымкентте 35 млн теңгеден астам соманың контрафактілік өнімі анықталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.