Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Заңгер Айман Омарова жаңа Конституцияның преамбуласын жоғары бағалады
    Жаңалықтар

    Заңгер Айман Омарова жаңа Конституцияның преамбуласын жоғары бағалады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова04.02.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жаңа Конституцияның преамбуласында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс тапқан. Бұл жөнінде белгілі заңгер, Конституциялық комиссияның мүшесі Айман Омарова Instagram-да жаңа Ата заңымызды талқылауға арналған тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген тұжырым – өте салмақты норма. Менің ойымша, преамбула сәтті және саяси тұрғыдан аса мағыналы шыққан», — деп атап өтті Айман Омарова.

    Оның айтуынша, кіріспенің жаңа редакциясының күші – қазақ мемлекеттілігінің тарихи үздіксіздігіне баса назар аударуда.

    «Бұл норманың мәні – біз мыңжылдық тарихтың сабақтастығы туралы ашық айтып отырмыз. Қазақ хандығы мен Қазақ мемлекеттілігі ХХ ғасыр оқиғаларынан әлдеқайда бұрын болғандығын еске салады», — деп толықтырды Конституциялық комиссияның мүшесі.

    Жаңа Конституцияның жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтыды. Түзетулер 77 бапқа енгізілді, бұл Конституцияның жалпы мәтінінің 84 %-ын құрайды. Жаңа Ата заңның мәтінімен Конституциялық соттың сайтында танысуға болады.

    Previous ArticleҰлын Роналдо деп қойған маңғыстаулық көпшілік сынына түсті
    Next Article Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.