Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Тоқаев: «Болашақ – жастардың қолында»
    Жаңалықтар

    Тоқаев: «Болашақ – жастардың қолында»

    SalemnewsSalemnews17.09.202551 Min Read
    Фото: Ақорда
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Діндер съезінің ашылуында сөз алған Мемлекет басшысы Қазақстанда жастарды қолдаудың жаңа деңгейге көтерілгеніне тоқталды.

    Айтуынша, педагогтарға, дәрігерлерге, ғалымдарға, инженерлерге және жастарға қолдау жаңа деңгейге көтерілді. Осыған орай 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.

    Бұл шешім қоғамда еңбекқорлықты өмірлік басты қағида ретінде орнықтырудың маңыздылығын айқындайды, – деді Мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ ол мектептер салуға, жоғары білім мен ғылымды, спорт пен креативті индустрияны дамытуға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп жатқанын алға тартты.

    Болашақ – жастардың қолында екенін баса айтқан Президент өскелең ұрпақ барлық дін және мәдениет өкілдерінің арасындағы өзара құрмет пен сыйластық рухын терең сезініп өсуі қажет деп отыр.

    Жастар көптеген сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Наным-сенімі, дүниетанымы әртүрлі болса да, оларды толғандыратын мәселелер ортақ. Түйткілдердің шешімін де бірлесіп іздеу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысының сөзінше, елде экология мәселелеріне де ерекше назар аударылуда. 2024 жылы бүкілхалықтық «Таза Қазақстан» жобасы басталып, оған миллиондаған азамат тұрақты түрде қатысып келеді.

    Біздің басты бағдарымыз – әділетті, таза, қауіпсіз, қуатты әрі цифрлық Қазақстанды құру. Бұл – азаматтарының мүмкіндігі мен дамуына жауап беретін мемлекет, – деп түйіндеді Президент.

    Previous ArticleЕділ Жаңбыршин: «Президенттерсіз діндер съезі тек талқылау деңгейінде қалып қояды»
    Next Article «Бұрынғы күйеуім балалардың көзінше аяусыз ұрды»: Алматылық келіншек Президенттен көмек сұрады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.