Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»ауа-райы»Ақтөбелік келіншек пойызда босанды
    ауа-райы

    Ақтөбелік келіншек пойызда босанды

    Having not yet visited Sector 10, follow these steps for a free upgrade.
    SalemnewsSalemnews12.01.202031 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Алдыңғы күні Ақтөбе бағыты бойынша жүрген жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді. Толғағы басталған әйел жолсерік көмектесіп, аман-есен босандырып алған.

    Жас ана Айнагүл Тілеубергенова Тоғыз станциясынан Ақтөбе қаласына дейін №33 «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызымен жолға шыққан. Пойыз бригадасының қызметкерлері дереу қажетті шараларды қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес пойыз машинисін хабардар етіп, жедел жәрдемді жақын маңдағы Жем станциясына шақырған.

    Жедел жәрдем келгенге дейін пойыздың жолсерігі Ғалия Қабдрахманова вагонда босанған әйелге қажетті көмек көрсетті. Сағат 14:27 минутта сәби дүниеге келген.

    Жем станциясына келгеннен кейін нәресте мен анасын жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

    Мен баламның өмірі үшін қатты қорықтым. Алайда, пойыз қызметкерлері маған осындай жағдайда көмек көрсетіп, жанымнан кетпей, аман-есен босануыма септігін тигізді. Бұл күн біздің отбасымыз үшін естен кетпес сәттердің біріне айналды. Енді қызым есейген кезде бұл ерекше оқиғаны айтатын боламыз,

    — деп бөлісті жас ана Айнагүл Тілеубергенова.

    Ата-анасы дүние есігін ашқан нәрестенің есімін Малика деп қойған.

    Айта кетейік, жолсеріктердің көмегімен соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 11-ге жуық сәби дүниеге келді.

    Next Article Мына жерді алыптастау керек
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматылық жігіт азаматтарды қажылыққа апарамын деп 12 млн теңгеге сан соқтырған

    31.01.2024

    Қазақстанға қай елдің саяхатшылары жиі келеді?

    15.03.2020

    Мына жерді алыптастау керек

    13.01.2020
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.