Фото: SMARTNEWS.KZ
Шерзат Полат ісіне байланысты сот отырыстары ашық түрде өтуде. Алайда, операторлардың қатысуы мен бейнежазбаға түсіруге рұқсат беру-бермеу мәселесі соттың қарауында, деп жазды salemnews.kz
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша 9 күдіктіге cот алдында жауап береді. Олардың бірі — кәмелет жасына толмаған жасөспірім, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін, 10 сәуір 2025 жылы, сағат 12:00-де Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты алдын ала сот тыңдауы өтеді.
Сот отырысы ашық түрде өтеді деп жоспарланған. 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Болат ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Оқиға барысында бірнеше адам ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның отбасы әділ тергеу жүргізуді талап етті. Оқиғадан кейін отбасының үйі өртеніп, бұл да қоғам назарын аударды. Құқық қорғау органдары бұл өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді.
Алдын ала тыңдау барысында сот істің мән-жайын анықтап, негізгі сот отырысының күн тәртібін белгілейді. Қоғамдық қызығушылықты ескере отырып, сот процесінің ашық өтетіні хабарланды.
Қылмыстық іс Талдықорғанда қаралуда. Істі Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ержан Жанұзақов жүргізіп жатыр. Ол бұған дейін ТЖМ құрылымындағы «Қазселезащита» кәсіпорнындағы атышулы парақорлық ісін қараумен де танылған.
Шерзат Полат ісіне байланысты сот отырыстары ашық түрде өтуде. Алайда, операторлардың қатысуы мен бейнежазбаға түсіруге рұқсат беру-бермеу мәселесі соттың қарауында.
Адвокат Шекеевтің айтуынша, 9 айыпталушының бірі — кәмелетке толмаған жас. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша айып тағылған.
Сотталушылар тізімі:
- Белгожаев Шыңғыс Айдосұлы
- Әскентай Дархан Баялханұлы
- Ильясов Нұрқияс Төлетбекұлы
- Сакиев Равиль Магамедович
- Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы
- Қалиахмет Дидар Еркінұлы
- Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы
- Ысқақ Думан Қайдарұлы
- Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы