Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Төрт адамды түні бойы іздеген: Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды
    Жаңалықтар

    Төрт адамды түні бойы іздеген: Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.03.202641 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: 112

    Бүгін түнде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында құтқару операциясы жүргізілді. Екі ересек пен екі баладан тұратын отбасы Шонжы кенті маңындағы демалыс аймағынан Алматыға қарай автокөлікпен жолға шығып, кейін байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Түн бойы Алматы облысының құтқарушылары және «Барыс» жасағы жоғалған отбасын іздеді. Жағдайды отағасының ұялы телефоны сөндірілгені және тауда қарлы ауа-райының сақталуы күрделендіре түсті.

    Телефон биллингін тексеріп, Бартоғай су қоймасы аймағын зерттеген құтқарушылар, таңғы 5-те Ассы платосы маңында, қарға тұрып қалған көліктен жоғалған отбасын тапты.

    Ересектер мен балаларға медициналық көмек қажет еместігіне көз жеткізгеннен кейін, құтқарушылар көлікті тазартылған жолға шығарды.

    ТЖД ескертеді: Таулы жер арқылы маршрут жоспарлағанда ауа райы мен жол жағдайын ескеріңіз. Қауіпсіздігіне күмән туындаса жолға шықпаңыз!

    Previous ArticleТашкент – Атырау бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылады
    Next Article Қазақстан вольфрам өндіруден үздік үштікке енді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.