Фото; Ulysmedia.kz коллажы
Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова бүгінгі сот отырысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды salemnews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
НҰРЫМОВА НЕ ДЕЙДІ
— Оларды жекелеген баптар бойынша соттап жатыр, бірақ біз оларды топ болып әрекет еткендер ретінде қарау керек деп есептейміз. Бұл жай ғана бұзақылық емес, олар баланы өлтіруге барған.
Бұдан бөлек, Нұрқанаттың (Шерзаттың қаза тапқан ағасы – ред.) портмонесінде шамамен 1 миллион теңге мен жүргізуші куәлігі болған. Бұл құжаттар табылған жоқ. Қазір біз бұл туралы айттық, тіркеттік, – деді Шерзаттың тәтесі Перизат Нұрымова.
Нұрымова соттың әділдігіне сенбейтінін айтты.
— Жеке өзім соттың әділдігіне сенбеймін. Егер әділеттілік болса, онда уақытша ұстау изоляторында олар торт пен телефонмен отырмас еді, деді Перизат.
АДВОКАТТАРДЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Бұған дейін Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірген болатын.
Сонымен қатар, Шерзаттың ісінде 9 күдіктінің тек екеуіне ауыр айып тағылғаны белгілі болды. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.