Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жастар»Ресейде қазақ тілін үйренуге сұраныс артты
    Жастар

    Ресейде қазақ тілін үйренуге сұраныс артты

    SalemnewsSalemnews13.06.2024101 Min Read
    Видеодан скриншот
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ресейдегі Түмен облысында қазақ тілін үйренуге сұраныс артып келеді. Түмен облысында қырық мыңға жуық қазақ тұрады. Бұл туралы Salemnews.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түмен облысының бірнеше ауданында қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылатын мектептер бар. Қазақ сыныптарында тіпті орын жоқ. Ана тілін үйрену үшін ата-аналар балаларын көрші аудандардан тасымалдауға дайын.

    “Осыдан он шақты жыл бұрын бізге 10-15 бала ғана келіп оқитын. Қазір 100-ден астам мектеп оқушылары өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін үйренуге ұмтылып жатыр. Олар домбыра, қазақ халық биі үйірмелерінде білім алады”, – деді Түмен қаласының тұрғыны Асқар Үбітайұлы.

    Түмендіктер оқулықтар мен мұғалімдер жетіспейтінін айтады. Кейін Алтай республикасының мұғалімдері мәселені шешуге көмектесті. Үш жыл бұрын олар оқу-ағарту министрлігімен сертификатталған оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі. Енді ресейлік қазақтар өздерінің оқулықтарын пайдалана отырып, ана тілін мектеп пәні ретінде оқи алады.

    “Мәселе мұғалімдерде. Қазіргі уақытта мұғалімдер бар. Олар Қазақстанға барып оқыған. Бірақ мұндай сертификатталған мұғалімдер өте аз. Олар кетсе, одан басқа мұғалімдер жоқ”, – деді Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілі Халел Омаров.

    Түмен облысындағы кандастар алдағы уақытта қазақ тілін оқытатын сыныптар көптеп ашылады деген үмітте. Ол үшін Қазақстан-Ресей бірлескен оқу бағдарламасы қажет.

    Previous ArticleҰлттық тестілеу орталығы бакалавриатқа оқуға түсуге қажет шекті балды жариялады
    Next Article Салтанат Нүкенованың ағасы Қазақстан Халық партиясының басшысынан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстандық екі каратэші алғаш рет Grand Winner жүлдесін иеленді

    02.06.2025

    Биыл қанша әскери қызметші дайындыққа шақырылады?

    02.04.2025

    Түркістанда «ARAL — 2024» жасылдар партияларының халықаралық I саммиті өтті

    29.11.2024
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.