Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Пәкістанда әл-Фараби атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
    Жаңалықтар

    Пәкістанда әл-Фараби атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова07.02.202662 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі


    Пәкістан астанасы Исламабад қаласындағы Каид-и Азам университетінде Әл-Фараби орталығы ашылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

     Ашылу рәсіміне ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Пәкістанның білім беру және кәсіптік даярлау министрі Халид Мабул Сиддики, Каид-и Азам университетінің ректоры, профессор Ниаз Ахмед, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қатысты.

     Іс-шара барысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби орталығының ашылуы Қазақстанның ғылыми-білім беру кеңістігін халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

     «Әл-Фараби – Шығыс пен Батыс өркениетін жалғаған ұлы ойшыл. Оның есімімен аталатын орталық Қазақстанның зияткерлік әлеуетін әлемге танытып қана қоймай, қос халық арасындағы мәдени және академиялық диалогты нығайтады. Біз қазақ тілін, отандық ғылымды және қазақ мәдениетін халықаралық академиялық ортада жүйелі түрде дәріптеуге мүдделіміз», – деді министр.

    Пәкістанның білім беру және кәсіптік даярлау министрі Халид Мабул Сиддики Қазақстан мен Пәкістан арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, алдағы уақытта серіктестік жаңа бағытта дамитынына сенім білдірді.

     Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев ашылып отырған Әл-Фараби орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтың нақты нәтижесі екенін айтты. «1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде құрылған Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығы отыз жылдан астам уақыт бойы фарабитану ғылымын дамытуға, қазақ және шығыс философиясын әлемге танытуға елеулі үлес қосып келеді. Бұл игі дәстүр бүгін достас Пәкістан елінде жалғасын табуда. ҚазҰУ орталықтың материалдық-техникалық базасын толық жасақтап, оқу және ғылыми аудиторияларды, компьютерлік және кеңсе бөлмелерін жабдықтады», – деді Жансейіт Түймебаев.

    Ашылу салтанатында профессор Ниаз Ахмед орталықтың тиімді жұмыс істеуі үшін Каид-и Азам университеті тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    Аталған орталық Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту мен оның танымалдығын арттыруға басымдық береді. Орталықта шетел азаматтары үшін арнайы қазақ тілін үйрететін курстар ұйымдастырылып, Қазақстанның мәдени мұрасын зерделеуге бағытталған мәдени-білім беру іс-шаралары, семинарлар мен ғылыми конференциялар өткізіледі. Бұған қосымша, орталық серіктес елдердің жетекші білім беру және ғылыми ұйымдарымен әріптестік байланысты нығайту бағытында жұмыс істейді.

    Previous ArticleҚапшағай су қоймасында көлік мұз астына түсіп кетті
    Next Article Ақтөбедегі тұрғын үйде бір әйел мен үш баланың мәйіті табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.