Фото: ашық дереккөз
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің туыстарына қатысты қылмыстық істер жайлы айтып берді, деп жазды salemnews.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғалымжан Қойгелдиев Нығматулиннің ұлы мен егізі әлі күдікті деп танылмағаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
“Ұлы Нұрлановқа және Ерлан Зайруллаұлына (егізі – ред.) қатысты арыз келіп түсті. Қазір арыздар қаралып жатыр, әлі бірдеңе айтуға ерте. Арғын Нығматулинге қатысты, иә, Қарағанды облысына хоккей клубына бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ол халықаралық іздеуде, Қайда екені анықталған соң, экстрадициялау бойынша шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді Қойгелдиев.
Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов рейдерлік әрекет бойынша күдікті ретінде танылмағаны жайлы ақпарат тараған еді.
Ал Арғын Нығматулин өзіне қатысты тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған.