Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда жаңа салық реформалары ұсынылды. Елдің экономикасын әділетті түрде дамыту мақсатында «сән-салтанат салығы» деп аталатын жаңа салық енгізу көзделіп отыр. Бұл салық жоғары құнды тауарлардың белгілі бір санаттарына салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.
«Жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, оған салық мөлшерлемесі арттырылады. Сонымен қатар, құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдер, қымбат теңіз кемелері мен ұшақтарға акциздер енгізіледі. Әділеттілікті қамтамасыз ету үшін қымбат алкогольді сусындар мен сигарларға 10% акциз енгізу ұсынылды», — деді Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Салық төлеушілермен жұмыс істеудің жаңа сервистік моделі енгізіледі, бұл салықтық әкімшіліктің жазалаушы әдісін тоқтатып, «бесіктен» шығудан бастап, салық төлеушінің соңғы сатысына дейін фискалдық сүйемелдеуді ұсынуды көздейді. Бұл жаңалық салық есептілігін 30%-ға қысқартып, камералық бақылау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді ұсынады. Бұзушылықтарды жоюдың орнына, болашақта сәйкессіздіктерді анықтау саласына көшу жоспарлануда.
«Сондай-ақ, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері де өзгереді, ал бизнестің қызметіне тосқауыл қоюдан аулақ болу үшін салық мөлшерінің аз болуы да маңызды аспект ретінде қарастырылған», — деп түсіндірді ол.