Фото: “ҚазАвтожол”
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, бірнеше жылдан бері жол бойындағы дәретхана тапшылығы 490-нан 190-ға дейін азайған, деп жазды salemnews.kz
Алайда санитарлық тораптарды орнату жергілікті әкімдіктердің құзырында. Министрлік тек ескертіп, тексеріс жүргізе алады дейді вице-министр.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметте өткен брифингте туризм және спорт вице-министрінен елде жол бойындағы дәретханалар сияқты қарапайым жағдайлар жоқ кезде туризмді қалай дамытпақ екенін сұрады. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, 2021 жылдан бері жол бойындағы дәретханалар тапшылығы 490-нан 190-ға дейін азайған.
«Егер сіз санитарлық тораптар туралы айтып тұрсаңыз, санитарлық тораптарды жергілікті атқарушы органдар салады. Біз, әрине, ескертіп, қай жерде жетіспейтінін анықтап, инспекциямен барамыз. Кей жерлерде су өшіп қалады, кейде сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлер әртүрлі себептермен жұмысқа шықпай қалады. Елдегі барлық дәретханаларды бақылау Туризм министрлігінің қолынан келмейді. Дегенмен белгілі бір ілгерілеу бар», – деп жауап берді вице-министр.
Ведомство өкілі заңнамаға туризм және спорт министрлігіне инфрақұрылымды қаржыландыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілетінін айтты.
«Министрлік ретінде бізде бөлек бюджеттік бағдарлама пайда болады. Біз өзіміз құрылыс жүргізбейміз, бірақ ең болмағанда туризм саласындағы қажет инфрақұрылымды қаржыландыра аламыз. Бүгінге дейін біз ештеңе салған жоқпыз, бірақ қаржыландырмаған да едік», – деді Ержан Еркінбаев.
Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі Абай облысында орнатылған құны пәтердікімен бірдей «ең қымбат» дәретхананы көрсетті. Бірақ қыруар қаржыға салынған дәретханада қарапайым унитаз да жоқ болып шықты. Дидар Смагуловтың сөзінше, 31 562 600 теңгеге салынған дәретханада қарапайым унитаз да жоқ.