Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Депутат Отбасы банктің жұмысына шүйлікті
    Жаңалықтар

    Депутат Отбасы банктің жұмысына шүйлікті

    SalemnewsSalemnews21.05.202512 Mins Read
    Фото: Мәжіліс
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Отбасы банктің қызметін аудандар мен ауылдарға бағыттау міндеті нақты іске аспай отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Вице-премьер Серік Жұманғаринге жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ауылдық және моноқалалық аймақтарда 8,7 миллион адам (Қазақстан халқының 43%) тұрады. Алайда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі қала мен ауыл арасында айтарлықтай айырмашылыққа ие: қалада – 26,9 шаршы метр, ал ауылда – небәрі 20,7 шаршы метр, — деді Саиров.

    Еліміз бойынша:

    • Ауылдарда – 1200 апатты үй (9 мыңнан астам тұрғын),

    • Моноқалаларда – 76 апатты үй (2,3 мың тұрғын) тіркелген.

    Ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үйдің тек 20%-ы ғана салынған. Себебі – Отбасы банкінің ипотекалық өнімдерінің қолжетімсіздігі мен ақпараттың жетіспеуі.

    2024 жылы Отбасы банкі бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ ауылдарда жеке тұрғын үйлер салуға қолжетімді қаржыландыруды ұсынатын «Асыл мекен» пилоттық бағдарламасын іске қосты. Бұл жобаны іске асыруға Отбасы банкі өз қаражатынан 2 млрд теңге бөлді. «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша кезекте тұрғандар мен өтініш берушілерге қатысуға басымдық берілді. Қарыздың ең жоғары сомасы 10 млн теңгені құрайды. Алайда бағдарлама тиімділігі болғанына қарамастан жалғасын таппады, оны қаржыландыру тоқтатылды, — дейді депутат.

    Депутаттар Үкіметтен нақты шараларды талап етеді:

    1. «Асыл мекен» бағдарламасын кеңейтіп, тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету.

    2. Ауыл халқына арналған 5%-дық төмен мөлшерлемемен ипотекалық өнімдерді енгізу.

    3. Әкімдіктермен тығыз жұмыс жүргізіп, өңірлік жобаларды қолдау.

    4. Әр ауданда Отбасы банкінің кеңселері мен мобильді кеңес беру орталықтарын ашу.

    Депутаттың пікірінше, Үкімет Президент тапсырмасын орындауда салғырттық танытпауы тиіс. Бұл – әділетті және теңгерімді қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

    Депутат Отбасы банк
    Previous ArticleҰлыбритания Украина үшін Ресейге қысымды күшейтуге шақырды
    Next Article Биыл 112 жайлы мектеп іске қосылады – министр
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.