Фото: ашық дереккөз
Черногория Жоғарғы соты «Не Молчи» қорының негізін қалаушы Дина Тансариді Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты, деп хабарлайды salemnews.kz
Бұл туралы қордың Instagram парақшасында хабарланды.
«Черногорияның Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты», – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске салайық, бұған дейін Дина Тансари Черногорияда ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.