Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Басқа облыстардан келген қонақтар Сыр еліндегі өрлеу үдерістерімен танысты
    Жаңалықтар

    Басқа облыстардан келген қонақтар Сыр еліндегі өрлеу үдерістерімен танысты

    SalemnewsSalemnews29.08.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Аймақта әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланған республикалық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Сыр өңірінің қаражатты тиімді пайдалану тәжірибесі республикаға үлгі ретінде ұсынылған. Осыған орай, аймақта әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселесі талқыланған республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға қатысу үшін министрліктер, орталық атқарушы органдар өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлерден  сала мамандары Қызылордаға жұмыс сапарымен келді.

    Делегация мүшелері Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.

    Алдымен қайта жаңғыртудан өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы  даңғылы арқылы өтіп, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының жұмысын көрді. Ондағы жасөспірімдер талабын ұштауға бағытталған жобаларға жоғары баға берді.

    «Анаға тағзым» орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінде болып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу үшін ұсынылған жаңа мүмкіндіктерді тамашалады.

    Сол жағалаудағы 11 мың орындық жаңа стадион да назардан тыс қалмады. Мұнда спорт инфрақұрылымының дамуымен танысып, бұл нысан жастар және бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.

    Одан кейін делегация облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Сыр өңірінің бай тарихы және мәдени мұраларына қанықты. Өңірлерден келген қонақтар өзара тәжірибе бөлісіп, алдағы жоспарларды талқылады, атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.

    қаражат Семинар тиімді пайдалану
    Previous ArticleАдалдық — адамдық негізі
    Next Article Еділ Жаңбыршин: «Президенттерсіз діндер съезі тек талқылау деңгейінде қалып қояды»
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.