Көп бейінді облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде 2018 жылдың бастап триаж жүйесі бьойынша жұмыс жасауда.
Триаж жүйесі науқастың жағдайын шұғыл анықтап, жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Қабылдау бөлімшесінің медициналық персоналы триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеуді қолдана отырып, қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаттарымен оқытылған.
Медициналық триаж төтенше жағдайларда пациенттердің ең көп санына оңтайлы көлемде уақтылы көмек көрсетуге бағытталған. Триаж аймағында сұрыптаушы мейіргер науқастың жағдайын 60 секундтың ішінде бағалайды.
Триаж сөзі француз тілінен аударғанда «іріктеу» деген мағынаны білдіреді.Триаж жүйесі – бұл медициналық ұйымның қабылдау бөлімінде қажетті шаралардың (емдік, профилактикалық, эвакуациялау) жеделдігі мен біртектілігіне негізделген.Келіп түскен пациенттерді топтарға бөлу триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген,функционалдық сырғытқылар орналасқан аймақ (қызыл,жасыл,сары түсті табан іздерінің суреті жапсырылған).Мұндай пациенттер сары ,қызыл,жасыл аймақтар бойынша іріктеледі.Осыған сәйкес науқастың жағдайына байланысты қызыл,сары,жасыл білезіктер тағылады.
Медициналық сұрыптау қағидалары бойынша пациенттер 3 топқа бөлінеді:
Бірінші топтағы (қызыл аймақ) –өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
Қызыл аймаққа жататын аурулар-жедел журек миокард инфарктісі, жіті коронорлы синдром, жедел журек жеткіліксіздігі,созылмалы журек жетіспеушілігі,үрдемелі жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, анафилактикалық шок,жедел жоғарғы тыныс жолдарының жетіспеушілігі ,жүрек ырғағының бұзылысы,жедел бүйрек жетіспеушілігі,жедел бауыр жетіспеушілігі, септикалық күй,кома травматикалық шок,жедел ми қан айалым бұзылысы.
Екінші топтағы ( сары аймақ) –өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін,шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай күйі;
Сары аймаққа жататын аурулар –артериалық қан қысымы,асқазан –ішектен қан кету,гипергликемия ,травматикалық шок,ми жарақаты,бас миының шайқалуы, жедел урология аурулар,жедел хирургиялық аурулар, жедел гинекологиялық аурулар,сүйектің сынуы, күйіктер, кең таралған жаралар,қан айналымның бұзылыстары, мидың контузиясы, инфекцияланған жара, абсцессы, флегмона.
Үшінші топтағы пациент ( жасыл аймақ ) –қабылдау бөлімшесінің қарау кабинетіне жіберіледі. Қарау кабинетінде емдеу тәсілін одан әрі айқындай отырып, диагноз қойылғанға дейін емдеу-диогностикалық іс-шаралардың қажетті көлемі жүргізіледі. Жасыл аймаққа жататын аурулар – қабырғааралық невралгия, сусыздану құсу және диарея, аяқ қолдарының асқынбаған сынықтар, күрделі таңғыштар, жеңіл жаралар, аяқ қолдарының асқынбаған сынықтар, күрделі таңғыштар,аяқ қолдарының дислокациясы.
Бір атап өтерлігі, мұнда медициналық көмек тәуліктің барлық мезгілінде 24 сағат бойы жүргізіледі. Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде мейірбике триаж жүйесі бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізеді. Іріктеу нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауына бөлімшенің тиісті аймағына жіберіледі. Қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді.
Мақсаты:
Шұғыл тексеруді және терапияны қажет ететін пациенттерді жылдам (шұғыл) сұрыптау, Қабылдау бөліміндегі пациенттердің ағымын қажетті медициналық көмек көрсетудің жеделдік дәрежесі негізінде рационалдау және реттеу.
Пациенттерді триаждау процесіне жауапты персонал стандартты ережелермен және процедуралармен таныс және оларды практикалық қызметінде ұстанады. Пациенттерді триаждау үшін Қабылдау бөлімінің қызметкерлері өмірге қауіп төндіретін жағдайлар түсінігімен және медициналық көмек көрсетудің басымдық деңгейлерімен таныс болуы және триажды схемаға сәйкес жүргізуі керек (Қосымшаны қараңыз).
Терминдер мен анықтамалар
Триаж (сұрыптау) – пациенттерге жағдайдың ауырлығына қарай медициналық көмек көрсету басымдығын анықтау процесі.
Өмірге қауіп төндіретін белгілер (қатерлі өмірлік белгілер) – шұғыл араласуды, көмек көрсетуді талап ететін жағдайлар.Шұғыл пациенттер – нақты немесе ықтимал өлім, қандай да бір ағзаның функциясын жоғалту қаупі немесе елеулі ауру (аурудың ауырлығы). Пациентті қабылдау бөлімінде бейінді мамандардың қатысуымен дереу қарап-тексеру керек.
Бірінші кезектегі пациенттер – емдеу-диагностикалық шараларды кідіріссіз жүргізуді талап етеді.
Шұғыл емес пациенттер – жоспарлы емдеуге жатқызу.
Ресурстар:
- үш түсті бейдждер немесе білезіктер (қызыл, сары, жасыл).
Құжаттау:
- қарап-тексеруді медициналық картаға жазу.
Рәсімнің негізгі бөлігі:
1. Арнайы оқытылған орта медициналық персонал пациенттерді визуалды қарап-тексеруді жүргізу, пациенттің жағдайын және оның өмірлік маңызды көрсеткіштерін (санасы, температурасы, тыныс алу жиілігі, тамыр соғысы, жасы) бағалауын анықтау үшін күту залына үнемі барады (болады). пациенттің жағдайын бағалау қиын болған жағдайда орта медбикелік персонал триаж процесіне дәрігерді тартады.
2. Медициналық көмекті көрсетудің жеделділігі бойынша пациенттер шұғыл, бірінші кезектегі,шұғыл емес болып қарастырылады.
3. Шұғыл /жедел пациенттер –пациентті қабылдау бөлімінде бейінді мамандардың қатысуымен дереу қарап-тексеру керек.
Шұғыл жағдайлар мыналарды қамтиды:
— Тыныс алудың бұзылуы (асфиксия, орталық цианоз, ауыр тыныс;
— Қан айналымының бұзылуы (суық қолдар, әлсіз жиі тамыр соғысы);
— Коматозды күй, сіңірдің тартылуы;
— Ауыр сусыздану (тежеулік, көз алмасының шөгуі, тері қатпарының баяу тегістелуі);
— Жүкті әйелдерде АҚ 160/110 мм сын.бағ. жоғары болуы;
— Кетоацидоз;
— Қан ағу.
4. Шұғыл/жедел деп сұрыпталған пациенттер қабылдау бөлімі дәрігерін және анестезиолог-реаниматолог дәрігерін,сондай-ақ аурудың сипатына сәйкес бейінді мамандарды дереу тартуды қоса алғанда,медициналық көмекті дереу алады.
5. Бірінші кезектегі пациенттер емдеу-диагностикалық шараларды кідіріссіз жүргізуді талап етеді.
Бірінші кезектегі жағдайлар мыналарды қамтиды:
- 38,5 °С –ден жоғарғы дене температурасы;
- Жарақат немесе басқа шұғыл хирургиялық жағдай;
- Ауырсыну (қатты )
- Шұғыл жолдама бойынша басқа стационарлардың келген пациенттер;
- Жаңа туылған нәрестелер;
- Бозару;
6.Бірінші кезектегі пациенттер ретінде сұрыпталған пациенттер жалпы практикалық дәрігерін және қажетті бейінді мамандарды тартуды
қоса алғанда,кідіріссіз емдеу –диагностикалық шараларды талап етеді.
7.Шұғыл емес пациенттер ретінде сұрыпталған пациенттерге емдеу-диагностикалық шаралар,емханаға дәрігерінің және қажетті бейінді мамандардың қарап-тексеруі,емханаға жүгінген сәттен бастап 30 минут ішінде (мүмкіндік шамасына және шұғыл мен бірінші кезектегі пациенттер ағымына қарай) жүргізілуі керек.
Триаж қағидалары 3 бұйрықпен регламенттеледі:
«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-27; «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығы.
Қабылдау бөлімшесінің дәрігері емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізгеннен кейін пациенттің жай-күйіне қайта бағалау жүргізеді және мынадай:
— пациентті амбулаториялық емдеуге жіберу;
— стационардың бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызу;
— басқа медициналық ұйымға емдеуге ауыстыру шешімдерінің бірін қабылдайды.
Топжарғанова Ғалия Байжанқызы,
«Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МҚК қабылдау бөлімшесінің мейіргері