Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы
    Жаңалықтар

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    Әкімдіктегілер жыл соңына дейін Самал ықшамауданындағы бес көшеге жол салып беретінін айтты.
    SalemnewsSalemnews02.06.202552 Mins Read
    Фото: видеодан скриншот
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Атырау қаласында тұрғындар шенеунікті өзі тұратын көшеге теп-тегіс асфальт төсеп, қалған көшелерге көңіл бөлмей отырғанына шағымдануда, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро”жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

    Тұрғындардың айтуынша, бір ықшамауданда екі түрлі көрініс. Бір жағы шұрық-тесік болса, енді бірінде түп-түзу асфальт.  

    “Сіздерге жол жоқ деп қағазын жауып тастады. Артынша, бір демалыс өтпей өзі 24-ші көшеде тұрады екен, шауып жүр. Жол салуға жанталасып жүр, өзінің көшесіне. Онда бәріміз солай әкімдікке жұмыс жасайық. Қарапайым халықты қанау бұл”, – деді тұрғын Талап Боранов.

    Сондай-ақ, тұрғындардың сөзінше, көлік өтсе, айнала шаң болып, жаңбыр жауса, батпаққа бататын жолмен жүру қиын екен. Тіпті, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігі кіре алмайды екен.

    “Көшеміздің жағдайы өте қиын. Себебі, өмірде түрлі жағдай болады қыста адам ауырса жедел жәрдемді шақыру қиын. Өрт болатын жағдайда кіре алмайды. Жүріп болмайды. Жалғыз біз отырмыз осылай. Біз не сонда тоқалдан туғанбыз ба, сонда?!”, – деді тағы бір тұрғын Әлмұрат Қамаш.

    Шенеуніктер көшесіне асфальт төселген қызметкер әкімдікте бөлім басшысының орынбасары болып жұмыс істейтінін растады. Бірақ барлық жұмыстың жоспар бойынша жүзеге асып жатқанын жеткізді. 

    “Жалпы Самал ықшам ауданында 21,22,23,24,25 көшелерде жол жоқ қазіргі таңда. Бірақ, қала әкімдігі тарапынан бұл көшелерге жобалау-құжаттау сметасы жасақталып бітті. Толықтай. Қазіргі таңда мемлекеттік-сараптамаға жүктелді. Жоспар бойынша маусым айының соңына қарай қорытындысын аламыз! Бюджеттен қаражат сұратамыз!”, – деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.

    Әкімдіктегілер жыл соңына дейін Самал ықшамауданындағы бес көшеге жол салып беретінін айтты.

    Әкім жол
    Previous ArticleМагистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
    Next Article АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.