Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбедегі тұрғын үйде бір әйел мен үш баланың мәйіті табылды
    Жаңалықтар

    Ақтөбедегі тұрғын үйде бір әйел мен үш баланың мәйіті табылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.02.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com


    Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мүрделері табылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда.

    Ақтөбе облысының әкімі тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

    Қазір құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталды.

    Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.

    Previous ArticleПәкістанда әл-Фараби атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
    Next Article Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысып қалды

    30.03.2026

    1000-ға жуық мектеп пен колледжде жаңа пән енгізілді

    30.03.2026

    Қостанайда заңсыз көтерілген қоқыс тарифі төмендетілді

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.