Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты тың дерек шықты
    Жаңалықтар

    Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты тың дерек шықты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.03.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Instagram/aktobe_zello

    17 наурыз күні Ақтөбе – Атырау тас жолында, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді маңында жол-көлік оқиғасы болды. Жолда ВАЗ және DAF көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қаза болғандардың барлығы Темір ауданының Тасқоспа ауылының тұрғындары. Бұл ақпаратты ауылдық округ әкімдігі растады. Олардың арасында ерлі-зайыпты мен олардың немересі болған.

    “Өте өкінішті, бұл апатта біздің Кеңқияқ ФОК-ының волейбол жаттықтырушысының ата-анасы мен қызы қаза тапты. Қыз шамамен 4 жаста еді. Ол ата-әжесіне қонаққа барған. Кеше олар оны үйіне апара жатқан. Туыстарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деді Кеңқияқ тұрғыны Ардақ Кубашева.

    Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақат алып, Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 33 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, ол комада жатыр. Оқиға орнына санитарлық авиация мамандары жіберілді.

    Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Previous ArticleЖамбылда моншаға барған келіншек 4 жылға сотталды
    Next Article «Төрт адам табылмай жатыр»: Румынияда «Астана» кемесі суға батып кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.