Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды
    Жаңалықтар

    Қазақстанда жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

    SalemnewsSalemnews21.10.202612 Mins Read
    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp
    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер байқауы жарияланды. Байқау Отан, туған жер және ел бірлігі тақырыбындағы жаңа туындыларды танытуға, талантты авторларды анықтауға және заманауи патриоттық әндер қорын толықтыруға бағытталады, деп хабарлайды «Salemnews».

    Байқауға еліміздің барлық өңірінен ақындар мен композиторлар, соның ішінде шығармашылық жолын енді бастаған авторлар қатыса алады. Бұған дейін жарияланбаған және орындалмаған әндер қабылданады.

    Байқау үш бағыт бойынша өтеді. Олар: салтанатты патриоттық әндер, лирикалық патриоттық әндер және заманауи патриоттық әндер. Қатысушылар бір немесе бірнеше бағыт бойынша шығарма ұсына алады.

    Туындыларды композиторлар, ақындар мен музыка мамандарынан құралған сарапшылар кеңесі бағалайды. Сарапшылар баға беруде әннің әуені, мәтінінің сапасы, авторлық идеясының тың болуы және тыңдарманға әсерін негізге алады. 

    Сарапшылар кеңесінің мүшесі, ақын Қалқаман Сариннің айтуынша, байқау Отан мен ұлттық болмыс тақырыбын арқау ететін әрі тыңдарман көңілінен шығатын әндердің жазылуын көздейді. 

    Байқаудың жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге. Қаражатты демеушілер бөлген. Жүлделер төмендегідей белгіленген:

    • Бас жүлде – 6 миллион теңге;
    • I орын – әрқайсысы 4 миллион теңгеден үш жүлде;
    • II орын – әрқайсысы 3 миллион теңгеден үш жүлде;
    • III орын – әрқайсысы 1 миллион теңгеден үш жүлде.

    Өтінімдер 2026 жылғы 5 желтоқсанға дейін khabar.kz/konkurs⁠ сайтында қабылданады. Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланады.

    Жобаның бас ақпараттық серіктесі – «Хабар» агенттігі» АҚ. 

    ән байқау Тәуелсіздік күні
    Previous ArticleАзия Пара ойындарында Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Азия Пара ойындарында Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды

    21.10.2026

    Маңғыстаудан шетелге 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылып келген

    21.10.2026

    Қазақстандық банктерге несие төлемегендердің шотындағы соңғы ақшасын шешіп алуына тыйым салынды

    21.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 673 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.