Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық банктерге несие төлемегендердің шотындағы соңғы ақшасын шешіп алуына тыйым салынды
    Жаңалықтар

    Қазақстандық банктерге несие төлемегендердің шотындағы соңғы ақшасын шешіп алуына тыйым салынды

    SalemnewsSalemnews21.10.202602 Mins Read
    Фото: istockphoto.com
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанда енді мерзімі өткен несие берешегін өндіріп алу кезінде банктер борышкерлердің шотында кемінде екі күнкөріс минимумына тең қаражатты (101 702 теңге) қалдыруға міндетті.

    Өзгерістер 2026 жылдың 21 қазанынан бастап күшіне енді.

    Заңға сәйкес, банк төлем талабын қою арқылы мерзімі өткен несие берешегін өндіріп алған кезде қарыз алушының шотында кемінде екі күнкөріс минимумына тең қаражат қалуы тиіс. 2026 жылы Қазақстандағы күнкөріс минимумы – 50 851 теңге. Яғни, өндіріп алудан қорғалатын ең төменгі сома – 101 702 теңгені құрайды. 

    Сонымен қатар банк шоттағы қаражаттың 50%-ынан астамын есептен шығара алмайды. Бұл шектеу заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден түсетін кейінгі төлемдерге де қатысты: әрбір түсімнің жартысынан көбі өндіріп алуға жатпайды.

    Ұлттық банк қағидалары бойынша қорғалатын ең төменгі қалдық айына бір рет қамтамасыз етіледі. Егер азамат бұл ақшаны пайдаланбаса, қалдық келесі айға ауысады.

    Аталған талап жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлік нысанында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолданылады. Қорғалатын сома бір банктегі барлық ағымдағы шоттардағы қаражатты ескере отырып есептеледі. Ал жинақ шоттарындағы ақша бұл қорғау тетігіне кірмейді.

    Борышкердің шотында ақша қалдыруға қатысты шектеулер барлық жағдайда бірдей қолданылмайды. Негізгі айырмашылық — берешекті кімнің және қандай тәртіппен өндіріп жатқаны.

    Егер банк мерзімі өткен несиені төлем талабы арқылы өндірсе, шотта кемінде 101 702 теңге қалуы керек. Ал қарызды сот орындаушысы инкассалық өкім арқылы өндіргенде, бұл талап автоматты түрде қолданылмайды.

    Заң бойынша жалақыдан немесе өзге де кірістен қарыз ұсталса, борышкерге табысының кемінде жартысы қалуы тиіс. Бұған қоса, қалған сома бір күнкөріс минимумынан төмен болмауы керек.

    Алайда бұл кепілдік азаматтың табысынан ұстап қалуға қатысты. Банктік шотта бұрыннан жатқан ақшаға дәл осы тәртіп тікелей қолданылмайды.

    Сондықтан сот орындаушысы инкассалық өкім жіберген жағдайда, банк борышкердің кәдімгі шотында күнкөріс минимумына тең соманы міндетті түрде сақтауға тиісті емес. Нәтижесінде шоттағы қаражаттың қорғалатын бөлігі қалдырылмай, ақша есептен шығарылуы мүмкін.

    банк Кредит
    Previous ArticleБалаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді
    Next Article Маңғыстаудан шетелге 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылып келген
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

    21.10.2026

    Азия Пара ойындарында Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды

    21.10.2026

    Маңғыстаудан шетелге 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылып келген

    21.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 673 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.