Фото: adventtr/Getty Images
Бүгін, 3 сәуірде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, жер дүмпулері кешкі сағат 21:13-те байқалған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Есептік қарқындылығы Қазақстанның бірнеше өңірінде 2 балл шамасында болған.
Түркістан облысында: Мырзакент, Жетісай, Абай ауылы, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов ауылы, Арыс, Темірлан, Шәуілдір, Шаян, Түркістан, Кентау, Шорнақ және Шолаққорған аймақтарында 2 баллдық дүмпу тіркелді. Сондай-ақ Шымкент қаласында да жер сілкінісі сезілген.
Жамбыл облысында: Бауыржан Момышұлы ауылы, Тараз, Сарыкемер, Аса, Құлан, Мерке, Қаратау, Жаңатас және Қордай аймақтарында да 2 баллдық тербеліс байқалған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелмеген.
