Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Екібастұзда алкоголь өндірген цех анықталды
    Жаңалықтар

    Екібастұзда алкоголь өндірген цех анықталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова13.03.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: polisia.kz

    «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында тұрғын үйлердің бірінде заңсыз түрде алкоголь өндірумен айналысқан жасырын цехтың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Тексеру барысында тұрғынның өз үйінде қолдан жасалған жабдықтар арқылы алкоголь өнімдерін дайындағаны анықталды.

    – Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба, сондай-ақ виски, ликер және сыра секілді алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған аппарат пен спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылғанымен, акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберілді. Оның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

    Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру, сондай-ақ оны дайындауға арналған құрал-жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

    Previous ArticleАтырауда тағы бір сарбаз қайтыс болды
    Next Article Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.