Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Студенттер мен оқушыларға»: Apple ең арзан MacBook сата бастады
    Жаңалықтар

    «Студенттер мен оқушыларға»: Apple ең арзан MacBook сата бастады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова05.03.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: apple.com


    Apple компаниясы жаңа MacBook Neo ноутбугын таныстырды. Бұл – компания тарихындағы ең қолжетімді MacBook. Құрылғының басты ерекшелігі – оның ішінде iPhone-дарда қолданылатын A18 Pro процессоры орнатылған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігә Apple компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Жаңа модельдің базалық бағасы 599 доллар шамасында. Осылайша ол Apple ноутбуктары арасындағы ең арзан нұсқаға айналып отыр.

    Бұдан бөлек, компания студенттерге арналған арнайы жеңілдік бағдарламасын да іске қосты. Соның арқасында MacBook Neo-ны 499 долларға (шамамен 38,8 мың рубль) сатып алуға болады. Бұл баға толыққанды MacBook үшін айтарлықтай төмен саналады.

    Ресми түрде бұл жеңілдік студенттерге, оқытушыларға және мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған. Алайда көптеген сатып алушылардың айтуынша, интернет-дүкенде көбіне ешқандай қатаң тексеріс болмайды: сатып алу кезінде тек «студентпін» деген опцияны таңдаса, болғаны.

    Apple бұл модель арқылы ноутбук нарығында қолжетімді сегментті күшейтуді көздейді. Компанияның стратегиясы бойынша, смартфондарға арналған қуатты чиптерді ноутбуктерге енгізу өндіріс құнын азайтып, Mac құрылғыларын кең аудиторияға қолжетімді етуі мүмкін.

    Previous ArticleЖоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды
    Next Article Абай облысында әскери қызметші қайтыс болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.