Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен жұбайы және енесі ұсталды
    Жаңалықтар

    Алматы облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен жұбайы және енесі ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова04.03.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Алматы облысында ер адамды аса қатыгездікпен өлтіру оқиғасына байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Politico.kz сайты жазды.

    Оқиға 14 ақпанда Талғар қаласында болған. Жеті баланың әкесі атанған азаматтың денесінен 30-дан аса пышақ жарақаты табылған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Асылбек Әбдірайымовтың мәлімдеуінше, күдікті ретінде марқұмның әйелі мен енесі танылып отыр. Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл ер адам ұйықтап жатқан кезде жасалған.

    Адвокаттың сөзінше, қайғылы жағдайға дейін марқұм жылқыларының жоғалғанын айтып, полицияға арыз түсірген. Тергеу барысында құқық қорғау органдары жоғалған малға марқұмның жұбайының қатысы болуы мүмкін деген дерекке келген. Осы мән-жай отбасындағы кикілжіңді ушықтырғаны айтылып отыр.

    «Ешқандай дүние-мүлік адам өмірімен өлшенбейді. Бір сәттік ашу бірнеше жанның тағдырын ойран етті», – деді адвокат.

    Алматы облыстық Полиция департаменті екі күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып адам өлтіру) тергеліп жатыр. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Previous ArticleАҚШ адамдарды мәжбүрлеп чиптеуге тыйым салуды қарастырып жатыр
    Next Article Данияр Елеусіновтың жұбайына екі әйелге шабуыл жасады деген айып тағылған
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.