Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Өзекті мәселе»«Қазақ мұнайына қауіп төнді»: Каспий құбырына дрон шабуылдап екі ірі мұнай станциясына зақым келді
    Өзекті мәселе

    «Қазақ мұнайына қауіп төнді»: Каспий құбырына дрон шабуылдап екі ірі мұнай станциясына зақым келді

    SalemnewsSalemnews18.02.2025102 Mins Read
    Фото: peremyshl40
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Каспий құбыр консорциумының ірі мұнай айдау станциясына дронмен шабуыл жасалды.  Энергетика министрлігі Қазақстандық мұнайды қабылдауда еш кедергі жоқ деп мәлімдеді. Алайда КҚК  шабуыл салдарынан мұнай айдау көлемі төмендегенін жеткізді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «17 ақпан күні Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдау нысаны – “Кропоткинская” мұнай айдау станциясына (МАС) дрондар шабуыл жасады. Шабуылда жеті пилотсыз ұшу аппараты қолданылған, олардың ішінде жарылғыш заттардан бөлек, металл зақымдаушы элементтер де болған. Шабуыл уақыт аралығымен жасалып, нысанның жұмысын бұзумен қатар, станцияның жедел қызметкерлері арасында адам шығынына әкелу мақсатында ұйымдастырылған», – делінген КҚК хабарламасында.

    КҚК мұнай төгілу қаупі жоқ екенін атап өтті. Алайда, қазіргі уақытта шығын көлемі есептеліп жатыр, өйткені МАС істен шыққан.

    «Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау станцияны айналып өтіп, төмендетілген айдау режимінде жүзеге асырылуда», – деп хабарлады консорциум.

    Ресей Федерациясы аумағындағы КҚК-ның ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын “Кропоткинская” Краснодар өлкесінің Кавказ ауданында орналасқан.

    Қазақстанның Энергетика министрлігі НПС қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ екенін және КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.

    «Мұнай қабылдау қалыпты режимде жүріп жатыр», – деп нақтылады министрлік.

    КҚК Батыс Қазақстанның мұнай кен орындары мен Каспий қайраңындағы ресейлік мұнай кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады. Маршруттың ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.

    Бүгінде Қазақстан мұнайының 80 пайызы осы мұнай тасымалдаушы құбырмен айдалуда. Бұл КҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта КҚК Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 миллион тонна мұнайды және Ресей арқылы жылына 83 миллион тоннаға дейін мұнайды тасымалдауға қабілетті. 2024 жылы Қазақстан КҚК арқылы 63,01 млн тонна мұнай (-0,7%) тасымалдаған («Forbes»).

    2024 жылы КҚК құбыр жүйесіне мұнайдың ең көп көлемі Қазақстанның Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан жөнелтілді – сәйкесінше 26,82 млн тонна, 9,82 млн тонна және 17,21 млн тонна мұнай.

    Бұл қазақ мұнайы экспортталатын Ресейдегі нысандарға жасалған алғашқы шабуыл емес. Өткен жылдың желтоқсан айында Ресейдің Брянск облысындағы «Дружба» мұнай құбырының тиеу пунктіне соққылаушы дрондар шабуыл жасаған еді.

    Previous ArticleБаладан да, бауырдан да айырылған Шерзаттың әкесі үйсіз жүр: адвокат тың дерек айтты
    Next Article Хакер балалар ауруханасының шотынан 350 миллион теңге ұрлаған
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    5 шақырым жол – 790 миллион теңге: Жетісу әкімдігі сынға ұшырады

    05.05.2025

    20 пайыздық қосымша құн салығының зардабы қандай? – саясаттанушы түсіндірді

    29.04.2025

    Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

    16.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.