Фото: ашық дереккөз
Наурызда елде жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады, деп жазды salemnews.kz
Ең жоғары өсім Астанада тіркелді. Елордада жылдық инфляция 13,3%-ға жетті, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі – Ақмола облысында, ал ең төменгі өсім Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында байқалды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша жоғары өсім – Түркістан облысында, ал ең төменгісі Алматы облысында тіркелді.
Ақылы қызмет бағасы ең қатты қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы, ал ең аз қымбаттаған өңір Павлодар облысы болды.
Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қазіргі экономикалық жағдай мен инфляция тәуекелдеріне байланысты базалық ставканы 16,50% деңгейінде қалдырған болат