Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Журналист Дәулет Ізтілеуов мезгілсіз өмірден өтті
    Жаңалықтар

    Журналист Дәулет Ізтілеуов мезгілсіз өмірден өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова12.01.202621 Min Read
    фото: Kazinform
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Журналист Дәулет Ізтілеуов бірнеше айға созылған сырқаттан қайтыс болды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Оны әріптестері білікті, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол, өз принциптеріне адал журналист ретінде білетін. Дәулет Ізтілеуов мінезі жайдары, айналасына жанашыр, ақкөңіл жан еді. Ортақ іске бел шешіп кірісетін елгезек әріптес ретінде ортасына сыйлы болды. Қадірлі әріптесіміздің отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», — деп жазылған Kazinform таратқан хабарламада.

    Дәулет Ізтілеуов 1984 жылы 31 шілдеде Қызылорда облысы Қазалы ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын (2008-2013 ж.ж.) Астана қаласындағы Өмірлік негізгі мектебінде тарих және құқық пәндерінің мұғалімі болып бастады.

    2013-2016 ж.ж. – Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінде мұғалім болды.

    2016-2018 ж.ж. – Астана қаласы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

    2016 жылдан бастап журналистикаға бет бұрып, 2018 жылға дейін «Қазконтент» акционерлік қоғамының «Қазақстан тарихы» порталында тілші болды.

    2019-2020 ж.ж. – Астана қаласының «Елорда-Ақпарат» ЖШС-де журналист болып еңбек етті.

    25.02.2020-31.05.2020 – ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

    2021 жылдың маусым айынан бүгінге дейін Kazinform халықаралық агенттігінің Астанадағы бас кеңсесінде тілші болды.

    Дәулет Ізтілеуов журналист
    Previous ArticleДепутаттар Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығына барды
    Next Article «Дәлелмен аты-жөнін жариялаймын»: Атыраулық хакер өзіне қысым көрсеткендерді көпшілікке әшкерелейтінін айтты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.