Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП
    Жаңалықтар

    ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин07.04.202542 Mins Read
    Фото: ttjk.inf
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» – І Халықаралық көктемгі мектеп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.

    2025 жылдың 17-18 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы Ұлттық кітап күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп ұйымдастырады.

    Ресми серіктестер: ҚР Ұлттық кітап палатасы, Қазақстан дизайнерлер одағы, «Qazaq Gazetteri» ЖШС, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, «Шалқар» радиосы.

    Ауқымды шараға Қазақстан мен шетелден (Бангладеш, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ресей) келген студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО оқытушылары, БАҚ өкілдері мен баспа саласының мамандары қатысады. Көктемгі мектеп аясында халықаралық ұйым өкілдері мен саланың танымал мамандары шеберлік сыныптар өткізеді.

    Курс спикерлері қатарында ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, журналист Қайнар Олжай, «Мазмұндама» баспасының директоры Шыңғыс Мұқан және өзге де медиа, баспа, дизайн саласының білікті мамандары бар. Қатысушыларға 72 сағаттық сертификат беріледі.

    Көктемгі мектептің негізгі бағыттары — медиа мәтінді редакциялау технологиялары, медиадизайндағы жаңашылдық, кітап индустриясындағы жасанды интеллект, фактчекинг және ақпаратты верификациялау, медиаэтика және медиасауаттылық, Digital журналистика.

    Көктемгі мектеп барысында, жазушы, баспагер, этнограф Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына арналған дәстүрлі «Сәнік оқулары» аясында студенттер мен магистранттар арасында республикалық байқау өтеді. Байқау жеңімпаздарына Зейнолла Сәнік атындағы арнайы шәкіртақы табысталады.

    Байқауға материалдар 2025 жылдың 13 сәуіріне дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 15 сәуірде жарияланады.

    Әдемі Мұсабек, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, Медиажурналистика мамандығының 3-курс студенті.

    Алматы жасанды интеллект
    Previous ArticleМинистрлік Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен маңызды келісім жасады
    Next Article Көлік сақтандыруына әсер ететін жаңа өзгерістер күшіне енді
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.