Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жарық табиғаты туралы ғасырлық дауға нүкте қойылды: MIT ғалымдары Эйнштейннің көзқарасын жоққа шығарды
    Жаңалықтар

    Жарық табиғаты туралы ғасырлық дауға нүкте қойылды: MIT ғалымдары Эйнштейннің көзқарасын жоққа шығарды

    SalemnewsSalemnews01.08.2025122 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Массачусетс технологиялық институтының (MIT) физиктері әйгілі екі саңылау тәжірибесінің ең дәл нұсқасын жүргізіп, Нильс Бордың кванттық механикасына толық дәлел келтірді. Бұл эксперимент Альберт Эйнштейн мен Нильс Бор арасындағы жарық табиғаты туралы ғасырлық дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    MIT зерттеушілері 1801 жылы британ физигі Томас Юнг алғаш өткізген тәжірибені заманауи тәсілмен жаңғыртты. Классикалық тәжірибеде жарық екі тар саңылаудан өтіп, экранда интерференциялық сурет – қара және ақ жолақтардан тұратын толқындық үлгі қалыптастырады. Бұл жарықтың толқын екенін көрсетеді. Алайда егер фотонның қай саңылаудан өткені бақыланса, бұл сурет жойылады: жарық бөлшек тәрізді әрекет ете бастайды.

    MIT ғалымдары екі саңылаудың орнына жеке-жеке орналасқан екі атомды қолданды. Әр атом бір фотонмен өзара әрекеттесті. Олар ультрасалқын атомдарды лазерлік тұзақтармен кеңістікте бекітіп, эксперименттің теориялық моделіне мүмкіндігінше жақын жағдай жасады.

    Эйнштейн 1927 жылы жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттерін бір мезгілде бақылауға болады деп болжаған. Ол үшін саңылауларды серіппеге бекіту керек: фотон өткенде, ол саңылауды сәл ғана қозғалтса, соны тіркеу арқылы екі қасиетті қатар бақылауға болады деп есептеген. Ал Бор кванттық анықталмаушылық мұндай қос бақылауға мүмкіндік бермейді деген көзқарасты ұстанды.

    MIT физиктері тәжірибеден серіппелерді мүлде алып тастап, атомдарды тек лазер сәулесімен ұстап тұрды. Эксперимент нәтижесінде анықталды: атом неғұрлым «анықталмаған» (кеңістіктегі орны нақты емес) болса, ол фотонның өтетін жолын соғұрлым көбірек «бақылайды» және соның нәтижесінде интерференция жойылады. Бұл толығымен Бордың кванттық теориясына сәйкес келеді және Эйнштейннің көзқарасын теріске шығарады.

    Эксперимент Physical Review Letters журналында жарияланды. Ғалымдар тобына Нобель сыйлығының лауреаты Вольфганг Кеттерле жетекшілік етті. Олар абсолют нөлге жақын температураға дейін салқындатылған атомдарды қолдана отырып, кванттық жүйенің мінез-құлқын дәл бақылады. Әрбір фотонның қозғалысы жоғары сезімтал камерамен тіркеліп отырды.

    Нәтижесінде физикадағы бір маңызды қағида тағы да дәлелденді: жарықтың толқындық және бөлшектік қасиеттері бір-біріне балама түсіндірмелер емес, шындықтың ажырамас, іргелі қырлары. Біз фотон туралы бөлшек ретінде неғұрлым көп ақпарат алсақ, оның толқындық қасиеті соғұрлым аз байқалады. Бұл Бор негізін қалаған кванттық механикаға толық сәйкес келеді.

    Жарық Массачусетс Эйнштейн
    Previous ArticleQazPost «HR-бренд 2025» нұсқасы бойынша қызметкерлерді белсендіруші драйвер ретінде танылды
    Next Article Белкөлде жолдар жаңарып, көлік қатынасы жақсаруда
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.