Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен
    Жаңалықтар

    Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.02.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: businessinsider.com / Andrew Miller


    Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі businessinsider.com-ға сілтеме жасап.

    Эндрю Миллер ұзақ жылдар бойы тынымсыз режимде жұмыс істеді: таңғы төртте тұрып, аптасына 70 сағатқа дейін еңбек еткен. 50 жасқа келгенде ол өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдап, Amazon-дағы қызметінен кетіп, қызғалдақ өсірумен айналыса бастады.

    Миллердің айтуынша, оны қажытқан ауыр еңбек емес. Корпоративтік мансапқа дейін ол АҚШ Әуе күштері мен Ұлттық гвардияда 14 жыл қызмет еткен.

    «Қиын жұмыстан ешқашан қорықпағанмын», – дейді ол.

    Басты фактор – отбасы болған. Алты баласы бар, оның екеуі аутизммен өмір сүретін Миллер уақыт өте келе өз өмір сүру салтына күмәнмен қарай бастаған.

    Әскерде жүргенде кез келген сәтте әскери қақтығыс аймағына жіберілуі мүмкін екенін түсінген. Ал балалары өсіп келе жатқанда, отбасының оны қасында қажет ететінін сезінді. Әскерден кейін Amazon-ға жұмысқа тұрғанымен, корпоративтік өмірдің қарқыны да отбасынан алшақтатты.

    «Балаларымды мүлде көрмей кеттім», – деп мойындайды ол.

    Соңында Миллер мансап пен күйзелістің орнына тыныштық пен отбасыны таңдады. Бүгінде ол аумағы 17 футбол алаңымен пара-пар қызғалдақфермасының иесі. Дедлайн мен жиналыстардың орнына – маусымдық жұмыс пен жер. Бұл оқиға кәсіби күйіп кету адамдарды өмірін түбегейлі өзгертуге итермелейтінін және мұндай шешім кейде сәтті жаңа бастамаға айналатынын көрсетеді.

    Previous ArticleАқтөбедегі тұрғын үйде бір әйел мен үш баланың мәйіті табылды
    Next Article Ұлттық ұлан сарбазы Мұқағалидың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адамға 24 жылдан кейін сот үкімі шықты

    01.04.2026

    Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысып қалды

    30.03.2026

    1000-ға жуық мектеп пен колледжде жаңа пән енгізілді

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.