Фото: скрин
Нью-Джерсиде демократ сенатор Кори Букер палатада ең ұзақ мәлімдеме жасап, рекорд орнатты. Ол 25 сағат 4 минут бойы АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатын сынға алды. Бұл туралы salemnews.kz ақпарат агенттігі rtvi.us басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Букердің мәлімдемесі 2013 жылы денсаулық сақтау саласын кеңейту туралы заңға 21 сағат бойы наразылық білдірген республикашыл Тед Круздың рекордынан асып түсті.
Бұған дейін, 1957 жылы Стром Термонд дауыс беру құқығы туралы заңның қабылдануына қарсы тұрып, 24 сағат 18 минут бойы мәлімдеме жасаған еді. Оның осы мәлімдемесі рекорд ретінде танылып келген еді. Букердің «адъютанты» болған Коннектикут штатының сенаторы Крис Мерфи X парақшасында әріптесі рекорд жасауды жоспарламағанын айтты.
Сенаттың демократиялық жетекшісі Чак Шумер Букер рекордты жаңартқанын хабарлады.
«Жаңа ғана рекорд жаңартқаныңызды білесіз бе? Фракция сізді мақтан тұтады. Америка сізді мақтан тұтады», – деді Шумер.
Букердің сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясы TikTok-та 350 миллион лайк жинады. X-те 600 000-нан астамжәне YouTube-те 70 000-нан астам көрермен жинады. Букер мәлімдемесін «біраз шу шығарғым келеді» деген сөзбен аяқтады.
Сөйлеуге басқа демократтар араласып, Букерге сұрақтар қойды. Колледжде футбол ойнаған сенатор бірде-бір рет отырмаған. Әлеуметтік желі қолданушылары “әжетханаға бармау үшін, залдан шықпау үшін памперс кию керек шығар” деп әзілдеді.
Букер мәлімдемеден соң журналистерге су ішпеген соң бұлшық еттері қысыла бастағанын айтқан. Сондай-ақ ол жиын бірнеше күн тамақ ішпегенін айтты.