Енді институтты бұрынғы экономика вице-министрі Жандос Шаймарданов басқарады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 16 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорда мәліметінше, бұған дейін институтты Еркін Тұқымов басқарған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды», – деп хабарлайды Ақорда.