Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Таразда көпбалалы ана сотта 5 банкті жеңіп шықты
    Жаңалықтар

    Таразда көпбалалы ана сотта 5 банкті жеңіп шықты

    SalemnewsSalemnews24.07.202571 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto.com


    Таразда бес банктен 6 млн теңгенің дүниесін несиеге алған әйел оны төлей алмай, сотқа жүгінген, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Соттың ақпаратынша, әйелдің кәмелет жасына толмаған төрт баласы бар. Жолдасымен заңды неке қидырмаған. Өзі жергілікті ЖШС-лардың бірінде оператор болып жұмыс істейді.

    «Әйелдің жалақысы 220 мың теңге, ал ай сайынғы несиесінің төлемі 395 мың теңге болған. Ол бес банктен алты миллион теңге қарыз алған», — деп хабарлайды сот.

    Жалақысы ай сайынғы төлемінен екі еседей аз әйел ай сайынғы төлемін азайту үшін банктерге өтініш жасаған. Алайда олар бас тартқан көрінеді. Сондықтан, әйел сотқа жүгінген.

    «Талап арызында ол несиелік жүктеменің шамадан тыс екенін көрсетіп, ай сайынғы төлемдерді азайта отырып, қарызды өтеу мерзімін 60 айға дейін ұзартуды сұраған. Бес кредитордың төртеуі талап қоюды қанағаттандыруға қарсы болған. Алайда, Тараз қалалық соты талап қоюшының уәждері іс материалдарымен толықтай расталған, оның әрекетінде арам пиғылдың белгілері жоқ деген қорытындыға келген. Сот әйелдің талабын қанағаттандырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолданды, оған сәйкес қарыз 5 жыл бойы ай сайын өтеледі», — деп хабарлайды сот.

    Сот шешіміне екі кредитор банк тарапынан шағым түсіріпті. Алайда, Жамбыл облыстық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды.

    банк сот Тараз
    Previous ArticleМаңғыстаулық түлек халықаралық беделді университеттің грантын жеңіп алды
    Next Article Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.