Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Талғардағы қылмыс: Шерзат Полаттың ісі бойынша 9 адам сотқа тартылады
    Жаңалықтар

    Талғардағы қылмыс: Шерзат Полаттың ісі бойынша 9 адам сотқа тартылады

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин11.04.202542 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: SMARTNEWS.KZ

    Шерзат Полат ісіне байланысты сот отырыстары ашық түрде өтуде. Алайда, операторлардың қатысуы мен бейнежазбаға түсіруге рұқсат беру-бермеу мәселесі соттың қарауында, деп жазды salemnews.kz

    Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша 9 күдіктіге cот алдында жауап береді. Олардың бірі — кәмелет жасына толмаған жасөспірім, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

    Бүгін, 10 сәуір 2025 жылы, сағат 12:00-де Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты алдын ала сот тыңдауы өтеді.

    Сот отырысы ашық түрде өтеді деп жоспарланған. 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Болат ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Оқиға барысында бірнеше адам ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның отбасы әділ тергеу жүргізуді талап етті. Оқиғадан кейін отбасының үйі өртеніп, бұл да қоғам назарын аударды. Құқық қорғау органдары бұл өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді.

    Алдын ала тыңдау барысында сот істің мән-жайын анықтап, негізгі сот отырысының күн тәртібін белгілейді. Қоғамдық қызығушылықты ескере отырып, сот процесінің ашық өтетіні хабарланды.

    Қылмыстық іс Талдықорғанда қаралуда. Істі Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ержан Жанұзақов жүргізіп жатыр. Ол бұған дейін ТЖМ құрылымындағы «Қазселезащита» кәсіпорнындағы атышулы парақорлық ісін қараумен де танылған.

    Шерзат Полат ісіне байланысты сот отырыстары ашық түрде өтуде. Алайда, операторлардың қатысуы мен бейнежазбаға түсіруге рұқсат беру-бермеу мәселесі соттың қарауында.

    Адвокат Шекеевтің айтуынша, 9 айыпталушының бірі — кәмелетке толмаған жас. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша айып тағылған.

    Сотталушылар тізімі:

    • Белгожаев Шыңғыс Айдосұлы
    • Әскентай Дархан Баялханұлы
    • Ильясов Нұрқияс Төлетбекұлы
    • Сакиев Равиль Магамедович
    • Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы
    • Қалиахмет Дидар Еркінұлы
    • Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы
    • Ысқақ Думан Қайдарұлы
    • Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы
    қылмыс Талғар Шерзат Полат
    Previous ArticleШымкент әкімдігі 61 млн теңгеге айтыс өткізбек
    Next Article Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы соққыға жыққан
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.