Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Түркияда курьер болып жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматын атып кетті
    Жаңалықтар

    Түркияда курьер болып жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматын атып кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова06.04.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: haberler.com

    Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қастандық салдарынан көз жұмды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Haberler басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қайғылы оқиға Фатих ауданындағы Балабанаға кварталында, Зейнеп Камиль көшесінде болған. Мәліметтерге сәйкес, белгісіз адам қазақстандыққа жақындап келіп, оның басынан оқ атқан. Күдікті оқиға орнынан бірден қашып кеткен. Ал ауыр жарақат алған азамат сол жерде тіл тартпай кеткен. Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

    Кейін шетелге қашпақ болған екі күдікті ұсталды. Ұстау операциясы Түркияның Едірне провинциясында жүргізілген.

    Полицияның мәліметінше, күдіктілер шекараға автокөлікпен жеткен. Жандармерия дрон арқылы олардың қозғалысын бақылап, жаяу қашуға әрекеттенген кезде қолға түсірген. Ұсталғандардың Грузия азаматтары екені анықталды.

    Медициналық тексеруден кейін олар Ыстанбұл полициясына тапсырылды.

    Сонымен қатар, бұл іске қатысы бар автокөлік жүргізушісіне қатысты да тергеу басталды. Оған мигранттар контрабандасы мен адам саудасына байланысты айыптар тағылып отыр.

    Previous ArticleАқмола облысында жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбаған тұрғынға айыппұл салынды
    Next Article Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзған 8 әкім жауапқа тартылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Үйі қоқысқа толып кеткен әйел төрт жыл бойы баспалдақ алаңында түнеп жүрген

    19.08.2026

    Тез байығысы келген қазақстандық әйел 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды

    18.08.2026

    Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды

    18.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.