Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Су дипломатиясы – Орталық Азияның ортақ болашағы
    Жаңалықтар

    Су дипломатиясы – Орталық Азияның ортақ болашағы

    SalemnewsSalemnews27.06.20261 0695 Mins Read
    Фото: ашық дереккөзден
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Орталық Азия мемлекеттерін Сырдария мен Әмудария секілді ірі трансшекаралық өзендер байланыстырады. Бұл өзендер өңірдегі миллиондаған тұрғынды ауызсумен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығының, энергетиканың және экономиканың дамуына негіз болып отыр. Сондықтан су мәселесі тек экологиялық емес, саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа да тікелей әсер етеді.

    Инженер-гидротехник, халықаралық сарапшы Ерлан Бадашевтің айтуынша, Қазақстанның су ресурстары бойынша жағдайы ерекше назар аударуды қажет етеді.

    – Суы көп ел – әлемдегі ең бай ел. Олардың қатарында Ресей, Бразилия, Аргентина сияқты мемлекеттер бар. Ал Қазақстан бұл тізімнің соңында орналасқан. Елдегі сегіз су бассейнінің алтауы бойынша біз көрші мемлекеттердің суына тәуелдіміз. Бұл – жаһандық деңгейдегі мәселе. Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, суға мұқтаж ел. Біз суды Ресеймен салыстырғанда шамамен үш есе көп тұтынамыз, – дейді Ерлан Бадашев.

     Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстан халқы шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер мен ауыз су үшін шамамен 1,3–1,4 миллиард текше метр тұщы су пайдаланған. Бұл елдегі жалпы су тұтыну көлемінің шамамен 6–7%-ын ғана құрайды.

    Қалған су қайда кетіп жатыр? Су тутынудың ең ауқымды бөлігі ауыл шаруашылық саласына тиесілі: 70 пайызға жуық. Өткен жылы республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды.

     Электр энергетикасы, коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп салалары да су ресурстарын көп пайдаланатын негізгі бағыттардың қатарында. Бұл көрсеткіштер су қорын тиімді басқару мен үнемді пайдалану мәселесінің маңызын  аңғартады.

    Фото: ашық дереккөзден

    Дипломатия VS сұраныс

    Су мәселесі бүгінде ұлттық қауіпсіздік шеңберінен асып, өңірлік тұрақтылық пен мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызды факторына айналды. Франциялық зерттеуші, Орталық Азия мәселелері бойынша сарапшы Себастьен Пейруздың айтуынша, трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Оның пікірінше, соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттері арасында су мәселесіне қатысты өзара түсіністік айтарлықтай артқан.

    – Егер бұрын су мәселесі көбіне қарама-қайшылықтардың негізгі себебі болса, бүгінде ол ортақ мүдделерді тоғыстыратын маңызды факторға айналып келеді. Бұл жаңа инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға және климаттық өзгерістердің салдарын тиімді еңсеруге мүмкіндік береді, – дейді сарапшы

    Бұл жағдайға байланысты Қазақстан да су дипломатиясын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумдарда су қауіпсіздігі мәселесін тұрақты түрде көтеріп, Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіруге шақырып келеді. Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану мен әділ бөлудің өңірдің тұрақты дамуы үшін шешуші маңызға ие екенін бірнеше рет атап өтті.

    Климат өзгерісі кедергі болып тұр

    Климат өзгерісі бұл мәселенің өзектілігі одан әрі артып отыр. Ғалымдардың болжамынша, алдағы онжылдықтарда Тянь-Шань мен Памир тауларындағы мұздықтардың көлемі азая береді. Бұл өңірдегі негізгі өзендердің су қорының қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттер арасында ғылыми ақпарат алмасу, су үнемдеу технологияларын енгізу және ортақ стратегия қалыптастыру қажеттілігі күн өткен сайын күшейіп келеді.

    Қазірдің өзінде Орталық Азия елдері су саласындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында нақты қадамдар жасалды. Мемлекетаралық комиссиялардың жұмысы жандандырып, су қоймаларын пайдалану, су бөлу тәртібі және экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқылануда. Халықаралық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар да өңірдегі су ресурстарын тиімді басқаруға оң ықпал етіп отыр.

    ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Сәуле Темірболатованың сөзінше, Қазақстан трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану туралы барлық көрші елмен келісімге келген. Соңғы нақты келісім Өзбекстан тарапымен жүргізілген екен.

    – Қазақстан трансшекаралық өзендер арқылы судың 44 пайызын алады. Ондағы су ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және ауызсу есебінде пайдаланылады. Сондықтан көрші елдермен келісім жасау және су көлемін белгілеу аса маңызды. Біз бұл жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеміз, – дейді ол.

    Сәуле Темірболатовын климаттың өзгеруі трансшекаралық өзендердің су деңгейіне әсер етіп отыр деген пікірде.

    – Климат өзгерісі су ресурсына айтарлықтай әсер етіп отыр, оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барлық мемлекеттермен гидрологиялық мәліметтер алмасу жүргізіледі. 2024 жыл Ресейден келетін су көлемінің көбеюі салдарынан су тасқыны болғанын білесіз, сол кезден бері арқынды жұмыс жжалғасуда. Оның үстіне Қазгидромет әлемдік және өңірлік болжамдарды тұрақты әзірлеп келеді, – деді маман.

    Фото: egemen.kz

    Халықаралық су ұйымы құрыла ма?

    Есте болса, өткен жылы Ашхабадта өткен бейбітшілік пен сенім форумында Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынған болатын. Президенттің пікірінше, су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – өмірлік маңызы бар басымдық.

    – БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Бұл түйткілді тез арада шешкен жөн. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады. UN-Water ведомствоаралық тетігін БҰҰ-ның толыққанды арнаулы агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Бұл бастама не үшін керек? Елде су инфрақұрылымын дамыту бағытында оң өзгерістер болғанымен, су ресурстарын ұтымды пайдалану және трансшекаралық су көздерін бірлесіп басқару мәселесін ауқымды ұйымсыз шешу қиын.

    Әсіресе Арал теңізінің тартылуы су тапшылық мәселесін айқын көрсетеді. Бір кездері әлемдегі төртінші ірі көл болған Аралдың тартылуы бүкіл өңір үшін үлкен экологиялық апатқа айналды. Бүгінде теңіздің солтүстік бөлігін қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар мемлекеттердің бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асырылып келеді. Бұл тәжірибе ортақ мәселелерді бірлесіп шешудің нақты үлгісі ретінде бағаланады. Яғни, халықаралық су ұйымы құрылса, Орталық Азиядағы су тапшылығы мәселесі шешілуі мүмкін. Оған қоса климат өзгерісіне қатысты біртұтас шешімдерге келуге көмек бермек.

    Қазіргі таңда су дипломатиясы өңір мемлекеттерін біріктіретін маңызды тетікке айналып отыр. Су арқылы қалыптасқан әріптестік тек экономикалық немесе экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға да қызмет етеді. Демек, су дипломатиясы – өңірдің ортақ болашағына бастар сенімді жол.

    Жібек Рахимова

    Дипломатия Өзен Су шаруашылығы экология
    Previous ArticleUFC: Асу Алмабаев қарсыласын ерекше әдіспен жеңді
    Next Article Алматыда толғағы қысқан әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанып қалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.