Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Степногорскте дроппер істеген ісіне өкініп, қылмысты ашуға көмектескен
    Жаңалықтар

    Степногорскте дроппер істеген ісіне өкініп, қылмысты ашуға көмектескен

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.04.202641 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске 232-1-бап енгізілген. Аталған бап өз банктік шотына қол жеткізуді заңсыз беру және сыйақы үшін заңсыз ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін жауапкершілікті көздейді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Осы баптың ескертпесіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, оны ерікті түрде хабарлап, қылмысты ашуға жәрдемдескен тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

    Мәселен, Степногорск қаласының Полиция басқармасы азаматша «Б»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ол тез табыс табу мақсатында өзінің банктік шоттарының реквизиттерін беріп, ақша қаражаттарын түрлі шоттарға аударып отырған. Бұл үшін оған 80 000 теңге көлемінде сыйақы төленген. 

    Өз әрекеттерінің заңсыз екенін түсінген азаматша полицияға ерікті түрде жүгініп, қылмысты ашуға ықпал еткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның әрекетіне өкінуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 

    Прокуратура ескертеді: банктік карталар мен реквизиттерді үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Заң талаптарын сақтаңыздар және қылмыстық схемаларға қатыспаңыздар.

    Previous ArticleАстанада пациент фельдшерге шабуыл жасап, қашып кеткен
    Next Article Каспий теңізінде жер сілкінді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.