Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Соттың әділ өтетініне сенбеймін — Перизат Нұрымова
    Жаңалықтар

    Соттың әділ өтетініне сенбеймін — Перизат Нұрымова

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин10.04.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото; Ulysmedia.kz коллажы

    Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова бүгінгі сот отырысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  salemnews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    НҰРЫМОВА НЕ ДЕЙДІ

    — Оларды жекелеген баптар бойынша соттап жатыр, бірақ біз оларды топ болып әрекет еткендер ретінде қарау керек деп есептейміз. Бұл жай ғана бұзақылық емес, олар баланы өлтіруге барған.

    Бұдан бөлек, Нұрқанаттың (Шерзаттың қаза тапқан ағасы – ред.) портмонесінде шамамен 1 миллион теңге мен жүргізуші куәлігі болған. Бұл құжаттар табылған жоқ. Қазір біз бұл туралы айттық, тіркеттік, – деді Шерзаттың тәтесі Перизат Нұрымова.

    Нұрымова соттың әділдігіне сенбейтінін айтты.

    — Жеке өзім соттың әділдігіне сенбеймін. Егер әділеттілік болса, онда уақытша ұстау изоляторында олар торт пен телефонмен отырмас еді, деді Перизат.

    АДВОКАТТАРДЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

    Бұған дейін Шерзат Полат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев мемлекеттік айыптаушының айыптау актіне қатысты пікір білдірген болатын. 

    Сонымен қатар, Шерзаттың ісінде 9 күдіктінің тек екеуіне ауыр айып тағылғаны белгілі болды. Қалған жеті күдіктінің ісі “бұзақылық” бабымен қаралады. 

    ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

    2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

    Перизат Нұрымова сот Шерзат Полат
    Previous ArticleАтырау облысында жер сілкінді
    Next Article Президент ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.