Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Сарыөзек – Көктал тасжолындағы апаттан алты адам қаза тапты
    Жаңалықтар

    Сарыөзек – Көктал тасжолындағы апаттан алты адам қаза тапты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto.com

    Жетісу облысындағы Сарыөзек – Көктал автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Апат автожолдың 110-шақырымында болған. Жол апатына екі Chevrolet Cobalt көлігі қатысқан.

    Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол жерде ол қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан.

    Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

    — Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және көлік жүргізу кезінде жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырды.

    Previous ArticleБАӘ-де көз жұмған апалы-сіңлі қазақстандықтардың денесі жер қойнына тапсырылды
    Next Article «Ерекше толқып тұрмын»: Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты сүйіншіледі
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.