Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Салық пен бизнесті әбігерге салғанша, банктерді қысайық»: Ермұрат Бапи салықтан босатылғандарға қатысты ұсыныс айтты
    Жаңалықтар

    «Салық пен бизнесті әбігерге салғанша, банктерді қысайық»: Ермұрат Бапи салықтан босатылғандарға қатысты ұсыныс айтты

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин09.04.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи салықтан босатылғандар туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, қазір Қазақстандағы банк иелері жылына 100 миллион теңгеден астам дивиденд алса да, салық төлемейді, деп жазды salemnews.kz

    Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

    Депутаттың айтуынша, ірі акционерлер 100 миллион теңге дивиденд алады.

    «Орталық Азиядағы ең ірі банктер Қазақстан банктері. Оларда жинақталған сома 55 триллион теңгеге бағаланады. Бұл сома Қазақстанның екі бюджетінен асып түседі. Банктер жыл сайын өз иелеріне миллиардтаған дивидендтер төлейді. Ал ірі акционерлер 100 миллион теңге дивиденд алады. Бірақ бұл банк дивидендтері салық төлеуден босатылған. Серік Жұманғарин мырза, қазір қосарланған салық салуға тыйым салынғанын, сондықтан олар салықтан босатылғанын, бірақ еліміздің бюджетінде әлеуметтік бағыт бар деп айтатын шығарсыз. Біздің бюджеттің 53 пайызы әлеуметтік мәселелерге бөлінген. Ал даму ары кетсе 20 пайыздан аспайды. Осы ретте қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру үшін банк дивидендтеріне салық салу мәселесін қарастыру қажет деп санаймын. Бұл акционердің жеке таза табысы”, – деді депутат.

    Ермұрат Бапи 100 миллион теңгеге дейін дивиденд алатын банкирлерден 10 пайыз, миллиард алатындардан 15 пайыз салық жинауды ұсынды.

    Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин депутаттар тарапынан мұндай ұсыныстар болмағанын айтты. Егер ұсыныс айтылға үкімет қолдайтынын жеткізді. 

    «Ондай ұсыныс болған жоқ. Бар болса, қолдаймыз. Бірақ 100 миллион теңгеден төмен болса,10 пайыз өте көп. Мысалы, дивидендтер 100 миллион теңгеден аз болса 5 пайыз, 100 миллион теңгеден миллиардқа дейін болса 10 пайыз, дивидендтер миллиард теңгеден асса 15 пайыз болса, дұрыс болады деп ойлаймын”, – деді Жұманғарин. 

    Ермұрат Бапи Салық кодексі бойынша негізгі жұмыс тобына қосылған депутаттар мұндай норманы ұсынады деп есептейді.

    «Халықты, бизнесті қыса бергеннен гөрі, банктерді де қысайық», – деді депутат.

    Жұманғарин мұндай ереже қабылданса, бұл банкирлерге ғана емес, дивиденд алатындардың барлығына әсер ететінін жеткізді. 

    Айта кетейік, бұған дейін  Қазақстанда халыққа берілетін кредиттерге салық мөлшерін көбейту ұсынылғаны туралы жазған едік. 

    Депутат Ермұрат Бапи салық
    Previous ArticleҚазақ жігіт әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньоның иығына шапан жапты
    Next Article  Қазақ тілін үйрету курсы: «Батыл бол» деректі фильмінің өндірісі жүріп жатыр
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.