Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды: Оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалды
    Жаңалықтар

    Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды: Оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалды

    SalemnewsSalemnews09.06.202521 Min Read
    Фото: ашық дереккөз
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Руслан Жасқылықовты қорғаныс министрі лауазымынан босатты, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    “Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

    Жақсылықов бұл лауазымға 2022 жылдың 19 қаңтарында тағайындалған. Оның орнына Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды.

    “Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

    Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

    – Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;

    – Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі;

    – Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;

    – Шымкент авиабазасының командирі;

    – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

    – Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры.

    2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

    «Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

    2024 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімі бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

    Previous ArticleПавлодарда ала қоңыз қаптап кетті
    Next Article Жантүршігерлік апат: Алматыда автобус бес автокөлікті қаққан
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің немересі жайлы айтты

    19.06.2025

    QS 2026 рейтингі: Abai University 43 позицияға көтерілді

    19.06.2025

    Президент Stadler Kazakhstan зауытымен танысты

    19.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.