Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»“Рейдерлік жасады”. Нығматулиннің ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды
    Жаңалықтар

    “Рейдерлік жасады”. Нығматулиннің ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202511 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    коллаж: ҚазТАГ

    Экс-мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрлановның үстінен рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады salemnews.kz

    «Сұрауда көрсетілген факті бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 389-бабы (өз бетінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша жан-жақты, толық әрі объективті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі сейсенбі күні ҚазТАГ редакциясының сұранысына жауап ретінде.

    Бизнесмен Қанат Амиркин Нұржан Нұрланов «Алатаудорстрой» компаниясын тартып алып, ірі көлемде ақша талап еткенін айтқан.

    «Тергеу жүріп жатыр. Компанияны қайта рәсімдеу фактісі бойынша әзірге «Өз бетінше билік ету» бабы қолданылды. Бірақ менің ойымша, бұл іс рейдерлікке қайта сараланып, «Алатаудорстрой» компаниясы мен Үлкен Алматы айналма жолы (ВОАД) бойындағы жер учаскесін заңсыз тартып алу бойынша алаяқтық бабы қосылуы мүмкін», – деді Амиркин ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.

    Айта кетейік, Нұржан Нұрланов 2019 жылдың ақпан айынан 2022 жылғы қаңтар оқиғасына дейін «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бас директоры болған. Оған дейін, 2018 жылдың қаңтарынан бастап, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқармасының мүшесі қызметін атқарған. Бұған қоса, ол Қазақстанның квазимемлекеттік секторында бірқатар маңызды қызметтерді атқарған.

    Алматы Нығматуллин Рейдер
    Previous ArticleТүркістандағы аяқсыз қалған 9 миллиард теңгелік жағажайдың жағдайын көрген қазақстандықтар жаға ұстады
    Next Article Қазақстандық футболшы Германия мен Испания клубтарының шақыртуын қабыл алмады – агент
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.