Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады
    Жаңалықтар

    Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин08.04.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Ақорда

    Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлады salemnews.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалғаны жөнінде баяндалды. Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8 пайызға ұлғайды. Аймаққа 1,1 триллион теңге инвестиция (38 пайызға өскен) тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

    Президентке құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 ірі жобаның жүзеге асырылатыны туралы айтылды. Екібастұзда қуаттылығы 460 мың тонна болатын 3 ферроқорытпа зауытын салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа барлық әлеуметтік міндеттеменің жүйелі түрде орындалып жатқаны жайында мәлімет берілді. Облыста 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, 40 жаңа нысан пайдалануға беріліп, 83 әлеуметтік ғимарат жаңғыртудан өткен. Қосымша білім беретін 3 орталық, 1800 оқушыға арналған «Жайлы мектептер» салынған. Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 3 білім беру нысаны бой көтеріп, 26 оқу ошағы жөнделген.

    Облыс әкімі соңғы 20 жылда алғаш рет жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 1,3 пайызға төмендегенін айтты. Қоғамдық көлік 80 пайызға жаңартылып, 230 автобус жеткізілген. Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен трамвай паркі жаңарып жатыр. Жаңа 25 вагонның алғашқы партиясы биыл қыркүйекте жеткізіледі.

    Мемлекет басшысы инвестиция тартуды жалғастыру, «Жайлы мектеп» ұлттық жоспарын сапалы және уақтылы жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

    Кездесу соңында Президент облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    Павлодар Президент Тоқаев
    Previous Article«Елдегі барлық дәретхананы бақылап отыру қолымыздан келмейді»: Туризм министрлігі Қазақстандағы туристерге жасалған жағдайлар туралы
    Next Article Алматы тұрғыны 16-шы қабаттан секіріп кеткен
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.