Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Оралда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды
    Жаңалықтар

    Оралда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.06.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: polisia.kz


    «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптарын бұзудың 143 фактісін анықтады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аталған деректер бойынша 128 әкімшілік іс қозғалды. Олардың ішінде 8 іс — дәмхана иелеріне, 50 іс — алкомаркет иелеріне, 70 іс — дүкендерге қатысты. Қазіргі уақытта 122 іс қаралды.

    Қабылданған шешімдерге сәйкес келесі әкімшілік шаралар қолданылды: лицензияның 1 ай мерзімге тоқтатылуы — 17 субъект, 2 айға — 28 субъект, 3 айға — 54 субъект. Тоғыз субъект (бір түнгі клуб, сондай-ақ 8 алкомаркет пен дүкен) лицензиясынан айырылды.

    Сонымен қатар заңнама талаптарын өрескел бұзғаны үшін бір дәмхана мен бір алкомаркеттің қызметі тоқтатылды. Заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 15 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері кәсіпкерлік нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарының иелерімен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

    Кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы заңнама талаптары, алкогольді тыйым салынған уақытта және кәмелетке толмағандарға сатқаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ қайталанған бұзушылықтардың салдары — лицензиядан айыруға дейінгі және қызметті тоқтатуға әкеп соғатыны түсіндіріледі.

    “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясындағы алкоголь өнімдерін сату саласындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. Қабылданып жатқан шаралар құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және өңірдегі құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған. Ескертеміз, алкоголь өнімдерін сату саласындағы заңнама талаптарын сақтау барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

    Previous ArticleҚазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш қола жүлде жеңіп алды
    Next Article Белгілі футболшы Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.