Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Министрлік Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен маңызды келісім жасады
    Жаңалықтар

    Министрлік Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен маңызды келісім жасады

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин07.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: gov.kz

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ДДҰ Еуропалық бюросының директоры доктор Ханс Клюге 2030 жылға дейін Елдік ынтымақтастық стратегиясына (ЕЫС) қол қойды,  – деп хабарлайды salemnews.kz министрлікке сілтеме жасап.

    Ынтымақтастық құжаты денсаулық сақтау саясатын қолдау және ДДҰ-ның Жалпы жұмыс бағдарламасы мен Еуропалық жұмыс бағдарламасына сәйкес халықтың денсаулығын жақсартуды және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әзірленді.

    2030 жылға дейінгі Елдік ынтымақтастық стратегиясы негізгі басымдықтарды: сектораралық тәсіл арқылы аурулардың қауіп факторларының әсерін азайтуды, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті түрлендіру арқылы денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізуді жеделдетуді, сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізудің әділдігін арттыруды, репродуктивтік денсаулық пен халықтың әртүрлі топтарының денсаулығын сақтау саласындағы теңдікті қамтамасыз етуді, климаттың өзгеруіне төзімді жергілікті қоғамдастықты құруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындықты арттыруды және ден қою шараларын жақсартуды қамтиды.

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Бұл стратегияға қол қою Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтудағы маңызды қадамды білдіреді. ДДҰ-мен бірлескен күш-жігер халықтың денсаулығын жақсартуда және медициналық қызметтерге әділ қол жеткізуде айтарлықтай жетістіктерге жетуге көмектесетініне сенімдіміз», – деді.

    Еліміз үшін инфекциялық емес аурулардың (ИЕА), психикалық денсаулығының бұзылуының және инфекциялық аурулардың проблемалары өзекті болып қала береді. Жүрек-қан тамырлары аурулары халықтың арасында өлімнің негізгі себебі болып қала береді, ал дұрыс емес тамақтанудың өсуі, физикалық белсенділіктің болмауы және темекі шегу ИЕА ауыртпалығының артуына ықпал етеді. Сондай-ақ туберкулез, АИТВ және вакцинациялау арқылы алдын алатын инфекциялық аурулар сияқты проблемалар өзекті болып қала береді.

    Бұл ретте Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын және цифрлық медициналық қызметтерді едәуір жетілдірді, алайда денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын бөлуге, қаржылық тұрақтылыққа байланысты проблемалар сақталуда. Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) нығайту денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды (ДҚЖҚ) қамтамасыз ету үшін басымдық болып қала береді.

    ДДҰ Еуропалық бюросының директоры доктор Ханс Клюге былай деп қосты: «Біз Қазақстанды барлық азаматтардың денсаулығын жақсартуға және тұрақты дамуға ұмтылуда қолдауға қуаныштымыз. ЕЫС Денсаулық сақтау министрлігі, ДДҰ және даму саласындағы әріптестердің арасындағы тығыз ынтымақтастық есебінен іске асырылатын болады. Стратегия Қазақстанның барлық азаматтары үшін денсаулық көрсеткіштері бойынша әділ нәтижелерді қамтамасыз ететін сенімді, тұрақты және берік денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған. Прогресс негізгі өнімділік көрсеткіштері мен тұрақты саясат шолулары арқылы бақыланады».

    ДСМ; ДДҰ меморандум
    Previous ArticleҚазақстандықтар той мен отбасылық мерекелерге жылына 1 миллион теңге жұмсайды – Зерттеу
    Next Article ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.