Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
    Жаңалықтар

    «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

    SalemnewsSalemnews16.06.2025942 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    2025 жылғы 16 маусым күні Тараз қаласында
    Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде
    «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық шығармашылық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

    Бұл байқау – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен,
    «Ұждан» әлеуметтік-мәдени жобасы аясында ұйымдастырылды.
    «Ұждан» жобасы – әке рөлін қоғамда насихаттап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Жоба аясында подкасттар, сараптамалық сұхбаттар мен түрлі форматтағы тәрбиелік мәні бар контенттер жүзеге асырылып келеді.
    «Менің әкем» байқауы – осы жобаның ең ірі бастамасына айналды.

    Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 000-ға жуық оқушы қатысып, өздерінің жүрекжарды шығармаларын жолдады. Әке бейнесін көркем сөзбен бейнелеп, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды шынайы жеткізген оқушылардың ішінен үздіктер анықталып, Таразда арнайы марапатталды.

    Жамбылдық Нұрай Асамбай мен Қызылорда облысынан арнайы келген Кәусар Райымбек бірінші орынға ие болды. Жүлделі орын иегерлеріне дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Марапаттарды университет ректоры, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы табыстады.

    Сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы арнайы жүлдені Айзере Айтбекке
    Шерхантану ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Қаракөз Өмірзаққызы салтанатты түрде табыс етті.

    Әсерлі шығарма жазған бірқатар оқушыларға Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Дәулет Мұқаев, Ринат Зайытов, Ерболат Саурықов, Тимур Қырықбаев, Айдос Сарым, Нартай Аралбайұлы және ақын-жазушылар Бауыржан Бабажанұлы, Олжас Сәндібек, Толқын Қабылша, Қанат Әбілқайыр жолдаған кітаптар мен құттықтаулар берілді.

    Байқауда ерекше атап өтуге тұрарлық бір туынды — жұмыс барысында жол апатынан қаза тапқан жамбылдық полиция қызметкері, “100 жаңа есім” жобасының жеңімпазы, Мерейлі отбасы байқауының финалисі, өзінің үш баласынан бөлек 8 баланы балалар үйінен асырап алған қамқор әке Ғалым Арыстанбаевтың баласы жазған шығарма болды. Әке туралы жан тебірентерлік туындысы үшін Нұрболат Ғалымұлы Қазбек ІІІ орын иеленіп, көпшіліктің жүрегін толқытты.

    Бұл марапат – өмірден ерте озған әкенің аманатына деген құрмет ретінде қабылданды.

    Сонымен қатар, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан ДӘУІТ «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан балалар мен отбасы тақырыбын ел көлемінде қолдағаны үшін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры
    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлына
    алғыс хат табыстады.

    Кешке зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен ата-аналар, БАҚ өкілдері қатысты.
    «Менің Әкем» байқауы әке тұлғасына деген құрметті ұлықтап қана қоймай, қазақ қоғамындағы ұрпақ тәрбиесінің терең мағынасы бар екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    байқау Менің әкем
    Previous ArticleҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді
    Next Article Тоқаев Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тарту туралы шешім қабылдады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанада 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұсталды

    20.06.2025

    Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің немересі жайлы айтты

    19.06.2025

    QS 2026 рейтингі: Abai University 43 позицияға көтерілді

    19.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.